Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді арттырады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 19 шілде
Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді арттырады

18 шілдеде ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлер отырысы бейнеконференция форматында өтті. Қазақстан тарапынан отырысқа Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев өз сөзінде ОПЕК+ келісімі шеңберінде қабылданған шаралар арқасында әлемдік мұнай нарығындағы жағдай жақсы жаққа өзгергендігін атап өтті. Қазақстан келісімге қатысушы елдердің ағымдағы өндіріс көлемін ұлғайтуды жақтады.

«Кездесудің қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдері мұнай өндірудің қазіргі деңгейін келісімге қатысушылар 5,8 млн баррель деңгейіндегі тәуліктегі шектеуді алғанға дейін, ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге ұжымдық ұлғайту туралы шешім қабылданды. Сонымен бірге 2021 жылдың желтоқсан айында қатысушылар арасында нарықтың жай-күйін және ары қарай жүргізілетін ықтимал шараларды талқылау үшін кеңестер өткізу туралы шешім қабылданды», делінген хабарламада. Осылайша, ОПЕК+ шеңберіндегі Қазақстан үшін міндеттемелер тамыз айында тәулігіне 1,491 млн баррель, сонымен бірге ай сайын орташа есеппен тәулігіне 16 мың баррельге ұлғайып отырады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото