Сыртқы істер министрлігі: Қытай APEC-тың Азия-Тынық мұхиты өңірінде экономикалық ынтымақтастық алаңы болуын жоғары бағалайды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 20 шілде

19 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Жао Лиджиан 15 шілдеде былай деп хабарлады: «Қытай APEC-тың Азия-Тынық мұхиты өңірінің экономикалық ынтымақтастық алаңы болуын жоғары бағалайды. Екі тарап та Азия-Тынық мұхиты өңірінің, тіпті бүкіл әлемнің вирусқа қарсы тұру мен экономиканы жандандыру үшін бірігіп, Азия-Тынық мұхиты өңірінің қарқынды дамуына үлес қосатынына сенімді».

Сол күні баспасөз өкілдерін қабылдау мәжілісінде, Жао Лиджиан қойылған сұрақтарға жауап бере келіп, жаңа Зеландия Премьер-министрінің ұсынысына сай, төраға Си Цзиньпин 16 шілдеде өтетін APEC басшыларының бейресми мәжілісіне видео арқылы қатысатынын жеткізді. Бұл әлемде вирустың қайта ушығуына қарсы тұру ынтымақтастығы халықаралық жаңа басқышқа өткен төтенше кезеңде, APEC ұйымдастырған маңызды мәжіліс саналады.

Жао Лиджиан өз сөзін былайша түйіндеді: «Қытай APEC-тың Азия-Тынық мұхиты өңірінде экономикалық ынтымақтастықтың алаңы болуын жоғары бағалайды. Біз әр тараптың ортақ болашағы бар Азия-Тынық мұхиты қоғамдастығының мұратын ұмытпай, өзара байланысты одан әрі жетілдіреміз. Әлемді жайлаған вирусқа ынтымақтаса қарсы тұрып, экономиканың жандануын бірге жүзеге асырып, Азия-Тынық мұхиты өңірі және бүкіл әлем қуатты күшке айналып, ортақ дамуға белсенді ықпал жасауына ерекше сенім білдіреміз.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото