Алдыңғы жарты жылда ішкі өндірістің жалпы құны сәйкес мезгілдегіден 12,7%-ға артты

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 20 шілде

20 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік санақ мекемесінің 15 шілде күні жариялаған дерегіндегі алғашқы салыстырмалы есептеулер 2021 жылдың алғашы жарымындағы Қытай ішкі өндірісінің жалпы құны 53 триллион 216 миллиард 700 миллион юаньға жеткендігін көрсеткен. Яғни өткен жылға қарағанда 12, 7%-ға артқан. Екі жыл ішінде орташа есеппен 5,3 %-ға жоғарылаған.

Мұның ішінде екінші тоқсанның екі жылдағы орташа мөлшері 5,5%-ға жетіп, бірінші тоқсаннан жоғары болған.

Індеттің «сынағын» бастан өткізген Қытай экономикасы қазір тоқсан сайын ілгерілеп келеді. Ел экономикасы орнықты қадаммен алға басып, асқан төзімділік пен өміршеңдік сипатты байқатып отыр.  

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото