Қытайда жатаған күріштің жаңа сорты сәтті жетілдірілді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 21 шілде
Қытайда жатаған күріштің жаңа сорты сәтті жетілдірілді

21 шілде, онлайн «Халық Газеті» --19 шілдеде жазғы жатаған күріштің жаңа сорты Цзянси өлкесінің Шангао ауданында сынақтан өтті. Бұл еліміздің жатаған күріш жетілдіруде бұрын болмаған жетістікке қол жеткізгенін айғақтайды. Демел, бұдан былай елдің оңтүстік өңірлерінде шілде айының орта шенінен бастап жатаған күрішті ора алады, халық жаңа күрішті бұрынғыдан бір маусым ілгері тұтына алады.

Бұдан бұрын елімізде негізінен үшкіл күріш ерте пісетін. Үшкіл күріш наурыз айының ортасына қарай егіліп, шілде айының ортасында орылатын. Бұл сорт Янцзы өзенінің орта-төменгі аңғарында өседі де, көп бөлігі қамбада сақтауға немесе өнеркәсіп астығы ретінде қолданылатын.

Үшкіл күрішпен салыстырғанда, жоғарғы ендікте өсетін жатаған күріштің қуаты жоғары, түсімі мол, дақылы сапалы әрі дәмді. Алайда оны қазан айында ғана оруға болады. Сынақтан сәтті өткен жатаған күріштің жаңа сорты, енді бұрынғы кемшіліктің орнын толтырмақшы.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото