Ван И Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 21 шілде

20 шілде, онлайн «Халық Газеті» --Үстіміздегі жылдың 15 шілдесінде Ташкентте Мемлекеттік кеңестің мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Тілеубердімен кездесті.

Кездесуде Ван И былай деді: «Екі ел басшыларының тікелей стратегиялық жетекшілігінің арқасында Қытай-Қазақстан қатынасының жаңа бағыты тұрақтанды, саяси сенімділік тың нәтиже көрсетіп, өзара нақты табыстарға қол жеткіздік. Халықтар арасындағы достық та жаңаша сипатқа ие болды. Екі тарап мемлекет басшыларының ортақ мүддесін жүзеге асырып, келер жылы екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастары орнығуының 30 жылдығын жаңа басталу нүктесі етіп, Қытай-Қазақстан қатынасының одан әрі нығаюына мүмкіндіктер жасауымыз керек».

Одан әрі Ван И: «Қытай Қазақстанмен екеуара өзекті мүддеге саятын келелі мәселелерде бірігіп шешуді қолдайды. «Бір белдеу, бір жол» негізгі желісін жоғары сапамен дамытып, жан- жақты, өзара пайдалы ынтымақтастықты жақсартып, Қытай мен Қазақстанға ортақ игіліктерді барынша кемелдендіргісі келеді. Екі тарап Жібек жолы экономикалық белдеуі мен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын ұштастыру жобасын ойдағыдай орындап, екі елдің өндіріс қуаты селбестігіндегі басты нысандардың сәтті жүрілуіне кепілдік беріп, өзара байланысты күшейтіп, жасанды интеллект, цифрлі қаржы қызметі, электронды сауда, жасыл энергия сияқты салаларда жаңаша дамуды қалыптастыру қажет. Екі тараптың мәдениет, спорт, оқу-ағарту, саяхат және жастардың ел арасындағы барыс-келісін тереңдетіп, екі ел достығының бұқаралық сипаты мен қоғамдық негізін бекемдеп, әр түрлі жалған ақпараттардың таралуына жол бермеу керек. Қытай тарабы Қазақстанды індетке қарсы вакцинамен үздіксіз қамтамасыз етіп, Қазақстанның індетті түбегейлі жеңуіне жәрдем береді. Вирусқа қатысты зерттеудің ғылымилығын жетілдіріп, оған қатысты мәселені саясиландырудан қорғау қажет. Қытай Қазақстанмен бір ниетте болып «Қытай + Орта Азиядағы бес ел» екінші рет өткізілген Сыртқы істер министрлері кеңесінің жетістіктерін іске асыруды қалайды. Қазақстанның биылғы Шанхай ынтымақтастық ұйымы министрлер мәжілісін ойдағыдай өткізуін бар күшпен қолдайды, Азия өзара ынтымақтастық және сенімділік шаралары кеңесінің өзара қарым-қатынас деңгейін бірге жоғарылатуға дайын».

Қазақстанның Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді өз кезегінде былай деді: «Қазақстан екі елдің жан-жақты стратегиялық серіктестік қатынасын жоғары бағалайды. Қытай мемлекетімен әр саладағы ынтымақтастықты үздіксіз тереңдетіп, «Бір белдеу, бір жол» жобасын бірге құруға белсене атсалысып, екі жақтың даму стратегиясын күшейтуді қалайды. Қазақстан Қытаймен бірге алдағы 5 жылдық ынтымақтастық жобасын әзірлеп, қаржылық демеушілік жасауға және осы саладағы ынтымақтастықты дамыта түсуге пейілді. Қытай тарабына Қазақстанның індетке қарсы шараларына көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтамыз. Қазақстан жан-жақты стратегиялық серіктестік қарым-қатынас рухы бойынша, екі жақтың халықаралық ұйымдарындағы ынтымақтастықты нығайтып, Қытаймен тығыз қарым-қатынасты сақтап, өзара батыл қолдау көрсетеді. Вирустың пайда болу, таралу, одан қорғану мәселесінде ең маңыздысы ғылыми көзқарас ұстану керек, Қазақстан мәселені саясиландыруға қарсы тұрады».  

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото