Қазіргі адамдар генінің 7%-ы ғана ертедегі адамзаттың басқа түрлеріннен парықталады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 21 шілде

21 шілде, онлайн «Халық Газеті» --Ертедегі саналы адамдар (Homo sapiens) не үшін өзгеше жаратылды? Олар қалайша қазіргі адамдардың ата-бабасы саналады? АҚШ-тың мына бір зерттеуіне сүйенсек, мұның жауабы адамзат геніндегі 7% тұқым қуалағыш затқа байланысты болуы мүмкін.

АҚШ-тың 17 шілдедегі хабарына сүйенсек, Калифорния университеті Санта-крус бөлімшесі зертханасында қазіргі адамдар мен әлдеқашан тұқымы жойылған ежелгі адамдардың гені салыстырылып, жоғарыдағыдай қорытынды жасалған. Зерттеу нәтижесі АҚШ-тың "Ғылым жетістігі" (Science Advances) журналында жарияланды.

Зерттеуге пайдаланылған үлгілер әлемнің әр бұрышындағы 279 адамның генінен алынған. Сонымен бірге, неандертальдықтар мен денисовалықтардың тасқа айналған қаңқа қалдықтарынан алынған. Бұл қаңқалардың тасқа айналғанына шамамен 40-50 мың жыл болған. Бұл екі қаңқа қалдығы мен қазіргі адамзаттың ата-бабасы ұқсас дәуірде өмір сүрген, бірақ неандертальдықтар мен денисовалықтар бертін келе жер бетінен жойылған.

Зерттеушілер арнайы компьютерлік құралдың көмегімен гендердің үлгісін зерттей келіп, қазіргі адамдардың бойындағы 7% тұқым қуалағыш зат тек бүгінгі адамдарда ғана болатынын, неандертальдықтар мен денисовалықтарда болмайтынын анықтады. Ғылыми зерттеу авторының бірі Натан Шефер бұл көрсеткіштің тым аз екенін айтса, енді бір автор Ричард Грин: «Біз зерттеу арқылы адамзаттың гендік тобының өзіндік ерекше бөлімдері жүйке жүйесінің дамуына және үлкен ми қызметіне байланысты гендерге толы екенін байқадық»,- дейді.

АҚШ ақпараты зерттеуге қатыспаған ғалым Джошуа Акидың сөзінен дәйек келтіре отырып былай дейді: "Қазіргі адамдар шын мәнінде әлі де жас өспірім қалпында ... осыдан сәл бұрын олар адамзаттың басқа түрлерімен жер шарында ортақ өмір сүрген."

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото