Бір шетелдік азаматтың Шыңжаңға сапары:жол бастаушы Маршал мен Қашқардың хикаясы

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 22 шілде

Маршал(солда)мен автор әңгімелесуде

22 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Мен Қашқардың мәлім мейманханасында Маршал Әбдуәлиді кездестірдім. Біреудің ағылшын тілінде сөйлеп жатқанын естіп, алғашында тілшілер тобындағы америкалық қызметтесіміз екен деп қалдым. Қарасам ол ұйғырдың ұлттық киімін киген жергілікті жол бастаушы екен.

Бірнеше күннен кейін біз кедейлерді сұйемелдейтін және ауыл-қыстақты көркейту нысандарымен таныстық. Нысандар сиыр, қой, түйе, қоян бағу және сумен жабдықтау құрылысы сияқты инженерияларды қамтиды. Таныстырылатын жұмыс мазмұны аса күрделі болса да, Маршал бұған жауапкершілікпен қарап, шетелдік журналистерге ұғымды етіп жеткізді.

Шыңжаңда көптеген ұлттар бірге қоныстанады. Жергілікті тұрғындардың көбісі тек ана тілінде ғана сөйлейтіндіктен, сөйлесіп, түсінісу барысында қиындықтарға кездестік. Алайда ұйғыр, ортақ тіл (қытай тілі) және ағылшын тілдеріне аса жетік Маршалдың арқасында біздің тілдесуіміз сәтті өтті.

Мен Маршалдың қабілетіне таңданып қай университетте оқығанын сұрадым. Сөйтсем ол орта білімді де толық алмаған болып шықты. Ортақ тіл(қытай тілі) мен ағылшын тілін өздігінен үйреніп, жетік меңгерген.

Маршал 31 жаста, үш жасар баланың әкесі. Ол байырғы қала Қашқарда ержетіпті. Қазір осы қалада туристерге жол бастаушы. Мен оның әңгімесінен Қашқар қаласының өткені мен бүгінін көргендей болдым. Маршалмен болған әңгіме менің көкейімдегі көп сұрақтың жауабы болыд. 

маршал отбасындағылармен бірге

Балам екеуміздің балалық шағымыз мүлде ұқсамайды

Қашқардың үш жағын тау қоршаған. Солтүстігінде Тәңір(Тянь-шань) тауы, батысында Памир үстірті, оңтүстігінде Қарақорым тауы, шығысында Такламакан шөлі жатыр. Қашқар шеткері орналасса да, ерекше мәдениеті оның атағын Жібек жолы арқылы әлемге таратқан. Адамдар тау асып, тас басып жүріп, оның мәдени қазынасын іздеп келеді.

«Бала күнімде байырғы қаланың шығысында бір алаң бар еді. Сол жерден шетелдік туристердің аяғы үзілмейтін. Үлкен сөмке асынып, қолдарына аппарат ұстаған олар бізге ұқсамайтын еді», - дейді Маршал. Сол туристер Маршалдың көз аясын ашқан екен.

Маршал бала кезінде ұйғыр тілін ғана білген екен. Оның туристерге деген қызығушылығы солардың тілін үйренуге деген ықыласын арттырған. «Ол кезде анам маған техника тілін үйрен» дейтін. Алайда мен тілді де бір кәсіп деп санадым. Өкініштісі бастауыш мектептегі мұғалімнің қабілет-әдісінің жеткіліксіздігінен, мен ортақ тілді (қытай тілі)мектептің орта сыныптарынан бастап үйрендім. Тіл үйренуде көптеген қиыншылықтарға кездестім», - дейді Маршал.

Ортақ тілді (қытай тілі)үйрену үшін мен бір Хынаньдық азамат ашқан шаштаразға жұмысқа кірдім. Онда ортақ тілді де (қытай тілі), шаш алуды да үйренуге болатын еді. Мен қазір Ортақ тілді (қытай тілі)сөйлегенде Хынань диалектісін байқамай қолданып қаламын.

Маршал мектеп тарағаннан кейін ағылшын тілін үйрену үшін жақын арадағы шарапханаға барып шетелдік туристермен әңгімелеседі екен. Бұл әрекетін мұғалімі біліп қойып, жазалаған кездері де болыпты.

Ағылшын тілін жақсы түсіну үшін Маршал құлағына үнемі тыңдағыш салып, күнделікті жаңалықтарды тыңдап жүреді екен. Бір жағынан тыңдап, екінші жағынан естігендерін дауыстап айтып жүргенде, айналасындағылар оны есінен ауысқан деп те айтқан кездері болыпты.

Маршал бүгінде мемлекеттік дәрежедегі туристердің жол бастаушысы куәлігін алса да, оқуының аяқсыз қалғанына өкінеді. Сондықтан да баласының білім алуына аса жауапкершілікпен қарайды. «Баламды 3 жарым жасында жекеменшік балабақшаға бердім. Жартыжылдық оқу қаражатының өзі 6000 юань төңірегінде. Балам жарты жылға жетпей ортақ тілде (қытай тілі)сөйлей алатын болды», - дейді Маршал.

«Қазіргі Қашқардың білім беру жүйесі өте тамаша. Барлығы жеткілікті. Менің бала күнімдегі жағдайға мүлде ұқсамайды. Мен балалардың Ортақ тіл(қытай тілі) мен шетел тілін жақсы үйренуін қалаймын. Сонда ғана болашақта жақсы қызмет істеп, еліміздің экономикалық кірісін арттыра алады», - дейді Маршал.

Маршал Германиядан келген Rotel үй формасындағы көлік туристер тобын бастап Памир үстіртінде сейілде

Қашқар туризмінің өткені мен бүгіні

Мен он жыл бұрын Қашқар туралы деректі фильм көрген едім. Онда «Қашқардың есектері автокөліктен көп. Үнемі есек кептелісі болады» дегенді көріп қатты таңырқағанмын. Ал бүгінгі Қашқар - заманауи қала. Халқаралық деңгейдегі турист орталығына айналған Қашқардың әдемі сәулеті, мәдени-әлеуметтік тынысы және ондағы жайлы орта туристерге тамаша көңіл-күй сыйлайды. Бұл менің бұрынғы көзқарасымды мүлде өзгертті.

«Біраз жылдан бері Қашқар туризмінде орасан зор өзгерістер болды. Мен алғаш осы жұмыспен айналысқанда туристер үнемі жататын жер, мінетін көлік таба алмай қиналып, мұңдарын шағатын еді», - дейді Маршал.

«Бұл шағымдары орынды еді. Өйткені 2007 жылы Қашқар бойынша бірде-бір жарамды турист көлігі жоқ еді. 2011 жылы Испаниядан келген бір туристі Тәшқорған ауданына апарып, ең жақсы деген мейманханаға орналастырдым. Алайда ол да туристің көңілінен шықпады», - дейді Маршал.

Қазір Қашқардың көлік тасымалы, жатын орын, туристерге жол бастаушы сияқты қызмет түрлері көп ілгеріледі. Тек көлік қатынасында ғана аз дегенде алты Жолаушылар тасымалы компаниясы көптеген қызмет түрлерін көрсетеді.

Қазір Қашқарда көптеген үздік мейманханалар салынды. Жаңа шарапханалар да ашылды. Маршал «Биылғы мамыр айында Германиядан келген туристі Тәшқорғанға апарғанымда, ол мейманхананы көріп таң-тамаша болды», - деді мақтанышпен.

Бұл екі туристің мейманханадағы ұқсамайтын көңіл-күйлері Қашқар, тіпті Шыңжаң туризмінің бүгінгі бейнесі іспетті. 

Маршал Қашқар байырғы қаласында туристерге турист түйіндерін таныстырып жатыр

Байырғы Қашқар қаласын өзгерту дұрыс па, бұрыс па? Қашқарлықтар не айтар екен?

Біраз жылдан бері Қашқар қаласын өзгерту туралы әр түрлі әңгімелер айтылып жүр. Қашқардың төл тумасы Маршалдың осы мәселе жөніндегі ойын естіп, кейбір пікірлердің қате екенін білдім.

«Мен Қашқардың төл тумасымын. Мен байырғы қаланы өзгертуді қолдаймын. Өйткені бұрынғы құрылыстар ағаш пен топырақтан салынған. Олардың сапасы түрлі апаттарға төзімсіз. Егер қандай да бір апат бола қалса, жауапкершілік кімнен сұралады», - деді Маршал. Мен оның сөзінен көкейімдегі көп күдіктің жауабын таптым.

«Еліміздегі құрылыс саласының әлеуетіне қарағанда Қашқарға зәулім ғимараттар салу қиын емес. Бірақ ұйғыр ұлтының дәстүрлі құрылыс үлгісін сақтау үшін үкімет көп күш жұмсауы керек. Сондықтан байырғы қаланың келбетін өзгерту дегеніміз көненің орнын жаңаның басуы емес. Көне қаланың бұрынғы келбетін сақтай отырып, жергілікті құрылыстың архитектуралық үлгісін байыту», - дейді Маршал.

Байырғы қала Қашқардың өзгерісі тек кұрылыс саласынан ғана емес, қала экономикасының дамуынан да байқалды.

«Бұрын ұсталар бұйымдарын қаланың сыртындағы базарға апарып сататын еді. Қазір базар олардың есігінің алдына көшіп келді. Естелік бұйым сатып алатын туристер үйлеріне кіріп тамақ ішіп, ұйғыр ұлтының әдет-ғұрпымен таныса алады. Менің қола құятын досым бар еді. Қала өзгерісінен кейін тұрмысы да шалқыды. Менің қазір жылына табатын таза кірісім 150 ден 200 мың юаньға өсті! Рахмет!», - деді Маршал.

Бізге туристік жол бастаушысы болған күндері Маршал ішінен Шыңжаң ерекшелігіне келетін жейде, сыртынан костюм киіп жүрді. Жергілікті халыққа ұйғыр тілінде сөйлесе, кейде таза ортақ тілде(қытай тілі), кейде ағылшын тілінде жетік сөйлеп кетеді. Музыка ойнаса болды, туристерді бастап би билей жөнеледі. Маршалдың хикаясы тура Қашқар қаласы өзгерісінің бейнесі іспетті.

Мен Маршалмен қоштасарда ол «мен тіпті де құлшына түсіп. баламды бұдан да артық, тамаша тұрмысқа жеткіземін. Қашқардың болашағы күннен-күнге жақсарады!» - деді.(Авторы онлайн «Халық Газеті» араб тілі бөлімнің шетелдік маманы Walid Abdallah) 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото