Қытай автокөліктері Мексика тұрғындарының қозғалысын қолайлы ете түсті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 28 шілде

28 шілде, онлайн «Халық Газеті» --Мексикадағы екінші ірі қала Гвадалахараның көшелерінде жүйткіген табиғи газ автобустары көзге бірден түседі. Осыдан біраз бұрын Қытайдан импортталған KING-LONG маркалы 166 табиғи газ автобусы жергілікті Көлік министрлігінің сапаны бақылау тексерісінен кейін, бірден пайдалануға берілген еді. Бұл Мексиканың 2019 жылғы 170 автобустан кейінгі екінші рет автобус көлігін Қытайдан импорттауы.

Осы жолы импортталған KING-LONG автобусының 3 түрлі үлгісі бар. Көлік ішінде зағиптар жолы бар, төбесінде жаяуларға ескерту беру құрылғысы орнатылған, сонымен бірге, автобус ішінде велосипедке арналған тірегіш те ескерілген. Індетке қарсы дезинфекциялау жүйесімен де жабдықталған. Автобусқа Қытайлық компания жасап шығарған интеллектуалды жүйе қосылған. Ол көліктің жай-күйін, жүргізушінің көлік жүргізу әдісін, жолаушылардың жағдайын бақылап отырады.

«Қытайлық өнім аса ақылды», - дейді көлік жүргізушілерін орналастыруға жауапты Дилан Каррилло. Автобус жергілікті халықтың да қолдауына ие. Кардо Торрес есімді жүргізуші: «Басқа автобуспен салыстырғанда, бұл кең тынысты, жүргізуге ыңғайлы әрі қауіпсіз», - деген ойымен бөлісті.

Біраз жылдардан бері Мексика өз елінің табиғи газ байлығын пайдаланып, дәстүрлі қоғамдық көліктерді табиғи газ көліктеріне алмастырып, қоршаған ортаға зиянсыз қозғалыс жүйесін құруды жоспарлаған еді. Жергілікті үкіметтің қоршаған ортаны қорғау талабына сай, Гвадалахараның теңіз деңгейінен биіктігі, жол жағдайының нашарлығы, құмды боранның жиі соғуы сияқты ерекшеліктері ескеріліп, KING-LONG автокөліктерінің газ бөліп шығару, мотордың ауа сорғышы, тежегіш, көліктің зиянды қозғалысын азайту механизмдері барынша жетілдірді.

«KING-LONG автобустарының қолданысқа берілуі тұрғындардың қоғамдық көліктердің сапалы қызметін пайдалануына жол ашты», - дейді жергілікті көлік сатушы Серхи Арсина. Қытай автобусының сапасы мен қызметі жергілікті үкіметтің қоршаған ортаны қорғау талабына сәйкесіп қана қоймай, ондағы интеллектуалды жүйе жергілікті қоғамдық көлікті басқарудың тиімділігін арттырып, Мексиканың зиянсыз қоғамдық көлік жүйесінің өсуіне оң ықпал етеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото