Жүз жылдық қолөнер мұра Taer храмының Сары гүлі

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 29 шілде
Жүз жылдық қолөнер мұра Taer храмының Сары гүлі
25 шілде күні өлке дәрежелі заттық емес мәдени мұра нысаны Taer храмы Сары гүлінің өкілдік мұрагері Пен Сио Жан Сан(оңда)Taer храмының Сары гүл залында гүлдің жасалу барысын таныстырып жатыр.

29 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Жұрт аузында «Taer ғибадатханасына келмесең Цинхайға келдім демей-ақ қой, Сары гүлін көрмесең Taer ғибадатханасына келдім деме» деген сөз бар. Осыдан-ақ сары гүлдің көркем мәртебесін білуге болады.

Taer ғибадатханасы Цинхайдың Синиң қаласы Хуаңчжуң ауданында орналасқан. Сары гүл, қабырға гүл, бедерлі кесте үшеуі Taer ғибадатханасының үш асылы іспетті. 2006 жылдың 20 мамырында Taer ғибадатханасындағы Сары гүл Мемлекеттік кеңестің бекітуінен өтіп, тұңғыш рет мемлекеттік дәрежедегі заттық емес мәдени мұралар тізіміне енген болатын.

Сары гүл сірә, қандай болады? Оны қалай жасайды деген сұрақтарға ғибадатханадағы сары гүлді жасаумен ондаған жылдар бойы шұғылданып келе жатқан монах жауап берсін. Пен Сио Жан Сан, ұлты Тибет, 1971 жылы 13 наурызда туған. 12 жасынан бастап ғибадатханада сары гүл жасауды үйренген. Өлке дәрежесіндегі заттық емес мәдени мұралар нысаны Taer ғибадатханасындағы сары гүлді жасаудың өкілдік мұрагері.

Пен Сио Жан Сан-ның таныстыруына қарағанда ең алғаш сары гүлді әр жылы ескіше күнтізбе бойынша 15 қаңтар күні дұға ететін Dafa жиналысында істететін. Оны туристер тамашалайтын бұйым етіп, гүл деп тамашалау кейін пайда болған. Сары гүл қатты сары майдан жасалады. Оның кішісіне гүл-шөп, бақа-шаян, құстар, үлкендерінде құрылыс бейнесі салынатын. Пішіні алуан түрлі болады.

Сары гүлдің астарында монахтардың қылшылдаған қыс мезгіліндегі еңбегі жатыр. Өйткені сары гүл 25℃ шамасында еріп кетеді. Сондықтан гүлді Цинхайдың ең суық мезгілінде жасайды. Гүл дайындалатын үйдің іші суық болу керек, оған қоса шебер қолын ауық-ауық мұзды суға малып отыру керек.

Сары гүлді жыл сайын жаңалап тұру керек. Осындай ауқымды жұмысты 40-қа тарта монах қолөнерші жасайды. Сары гүл қолөнеріне мұрагерлік ету үшін, Taer ғибадатханасы әр жылы бір-екі дарынды жас діни қызметкерді таңдап, гүл жасау тобына қосады. Жаңа мүшелердің жасы 11-12 жас аралығында болады. Бала шәкірттен майталман шебер болып шыққанша 20 жылдай уақыт кетеді.

«Taer ғибадатханасында өзім жасаған сары гүлдерді туристердың тамашалауын мақтаныш етемін. Болашақта мемлекеттік дәрежедегі сары гүл жасаудың мұрагері болсам деп армандаймын», -,дейді Пен Сио Жан Сан.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото