4-кезекті импорт көрмесіне орай қол қойысқан көрме көлемі алдыңғы кезектегіден асты

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 29 шілде

29 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 100 күннен кейін Қытай халықаралық төртінші реткі импорт көрмесі Шанхайда шымылдығын ашады. Қазірге дейін көрмеге қатысуға ықылас білдірген дүние жүзіндегі 500 ірі кәсіпорынның және кәсіп саласындағы бастамашы кәсіпорындардың саны алдыңғы кезектегіден артты. Жоспарланған көрме көлемі 360 мың шаршы метр. Қазірге дейін 50-ге тарта мемлекеттің нақты қатысатыны анықталды.

Франция Lesaffre тобы ашытқы мен ашыту саласындағы ірі кәсіпорын. Оның Қытай базарына кіргеніне 40 жыл болды. Биыл қатарынан төртінші рет импорт көрмесіне қатысқалы отыр. Былтырғы импорт көрмесінде Lesaffre тобы мен Қытайдың жеңіл азықтықар маркасы Лянпин дүкенімен селбестік келісіміне қол қойған еді. Бұл топ бұдан кейін де Қытай кәсіпорындармен ынтымақтастықты дамыта түсетіндіктерін жеткізді.

Бұл импорт көрмесінің мақсаты - кәсіпорындар арасындағы байланыс аясын кеңейтіп, сауда саласын дамыту.

Импорт көрмесінің оң әсеріндегі көптеген озық техникалар халық мен мамандардың назарын аударды. Олар жаңа шыққан заттардың Қытайда қолданысқа түсуін ілгерілетті. Бас бөлімшесі Ирландияда орналасқан Medtronic атты белгілі емдеу ғылыми-техникалық кәсіпорыны тұңғыш кезекті импорт көрмесіне сымсыз кардиостимулятор құрылғысын әкелген болатын. Бүгінгі күні оның 2000 данасы импортталды. Үшінші кезекті импорт көргізбесіне кезіндегі Омыртқа хирургиясы интеллектуалды навигациялық роботы, 2021 жылы сәуірде Қытайдың бақылау-басқару органдарының бекітуінен өтіп, базарға салынуды жоспарлап отыр. «Біз енді төртінші импорт көрмесінде бұдан да әлемнің алдыңғы қатарлы емдеу техникаларын әкеліп, халыққа жақын уақытта емдеу техникаларынң кереметін көрсетіп, жаңа бағыттағы емдеу әдістерінің Қытайда қолданысқа түсетініне сенемін», - деді аталмыш кәсіпорынның Қоғаммен байланыс бөлімі қызметкері.

Қазір көрмеге қатысуға қол қойған дүние жүзіндегі 500 ірі кәсіпорынның және кәсіп саласындағы бастамашы кәсіпорындардың саны алдыңғы кезектегіден асқан. Қайта қатысу шамасы 80% -дан жоғары болды. 30-дан аса кәсіпорын көрмеге тұңғыш рет қатысады. Алғашқы санақ мәліметінше, қыруар жаңа өнім, жаңа техника, жаңа қызмет өтеу арқылы 4-кезекті импорт көрмесінде «Дүние жүзі бойынша тұңғыш рет тарату, Қытай бойынша тұңғыш рет көрмеге қою» жүзеге асырылады екен. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото