Гуансидан Қазақстанға жоғары санаттағы кезекші пойыз қатынады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 30 шілде

30 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Гуансидан(Гуанси-Чжуан автономиялық регионы) Қазақстанға тіке қатынайтын жоғары санатты Қытай-Еуропа кезекші пойызы іске қосылды

27 шілде күні, 75138 кезекті Қытай-Еуропа кезекші пойызы Гуанси өлкесі Нанниң халықаралық теміржол станциясынан жолға шықты. Шамамен алғанда 11 күннен кейін Қазақстанның Астанасы - Нұр-Сұлтан, одан соң Алматы қалаларына жетеді деп жоспарланып отыр. Бұл Гуансидан Қазақстанға тіке қатынаған жоғары санатты алғашқы Қытай-Еуропа кезекші пойызы. 

2021 жылдың наурызында Гуанси теміржол торабы «Нанниң-Сиань (Шиңжу)-Нұр-Сұлтан» Қытай-Еуропа кезекші пойызының айналмалы жолын іске қосқан еді. Тасымалдаудың өнімділігін арттырып, кәсіпорын тасымалының өзіндік құнын төмендету үшін, Қытай теміржолы Нанниң мекемесі жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сапалы тасымал жобасын жасап, «Нанниң-Нұр-Сұлтан-Алматы» бағытындағы тура жолды айқындады. Жаңа жолдың жалпы ұзындығы 4662 километр. Ол бұрынғы жолдан 369 километрге қысқарған. Тасымал уақыты 13 күннен 11 күнге азайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото