БҰҰ-ның берген ақпараты:Әлемде 23 жерде астық тапшылығы ауырлайды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 3 тамыз

3 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 30 шілде күні БҰҰ-ның екі агенттігі алдағы 3 айда әлемдегі 23 өңірде астық тапшылығы ауырлай түседі деп ескертті. Оның ішінде Ем Тыграй Эфиопия, Мадагаскардың оңтүстігі, Йемен, Оңтүстік Судан және Нигерияның солтүстік өңірінде жағдай ауыр.

30 шілдеде БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы биыл тамыздан қарашаға дейін әлемдегі 23 өңірде астық жетіспеу жағдайы туындайды деп жариялады.

23 өңірдің ішінде қақтығыс толастамаған Ем Тыграй Эфиопия аймағының жағдайы өте ауыр. Егер шұғыл гуманитарлық көмек жасалмаса, аталмыш өңірдегі ашаршылық 401 мың адамның өмірін қиюы мүмкін деп межеленіп отыр. Бұл жолғы ашаршылық 2011 жылғы Сомалидағы ашаршылықтан да ауыр болады деп болжанды.

Мадагаскардың оңтүстігі 40 жыл болмаған қуаңшылыққа тап болды. Оған қоса ұсақ жәндіктердің залалы мен өнім шығымының нашарлығынан астық бағасы жоғарылады. 14 мың адам қыркүйек айында ауыр ашаршылықтан жан тапсыруы мүмкін. Бұл мәліметтер жыл соңында 28 мыңға дейін артады деп болжанды.

Толассыз қақтығыстар мен Covid-19-дың салдарынан кей жерлерде азық-түлік бағасының қымбаттауы, бөлшек сауда нарығының азаюы, астық өнімінің төмендеуі мен халықтың сатып алу мүмкіндігінің болмауы себептерінен ашаршылыққа ұшырағандар саны артты.

Аталған 5 өңірден кейінгі апат жағдайы біршама ауырлары төмендегідей 9 ел: Ауғанстан, Буркина -Фасо, Колумбия, Гаити, Гондурас, Судан және Сирия.

Ауғанстанда маусымнан қарашаға дейін 3 миллион 500 мың адам күнделікті дұрыс тамақтана алмау қиындығына ұшырайды. АҚШ пен Солтүстік Атлантиканың конвенциялық ұйымы Ауғанстаннан әскерін шегіндіріп әкетіп жатыр. АҚШ армиясы тамыздың соңына дейін Ауғанстаннан шығып болуы тиіс. Осы әскерлер шегініп болғаннан кейін, Ауғанстанның ішкі қақтығысы тіпті де өрши түсуі мүмкін. Осының салдарынан көптеген адамдар мекенінен айырылып, көмекке берілетін заттарды тарату да қиынға соғады деп болжанып отыр. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото