Дәстүрлі медицинаны насихаттап,өзара ұйреніп, ауыс-кұйіс жасауды арттырайық

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 3 тамыз

3 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жуықта Цзянси-дың Нанчан қаласында 2021 жылғы Шанхай ынтымақтастық ұйымының дәстүрлі медицина форумына әр елдің өкілдері қатысып, құнды пікірлерімен бөлісті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Бас директорының орынбасары басқа елдермен дәстүрлі медицина саласындағы байланыс пен ынтымақтастықты дамыту керектігін айтты.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше әрбір ел ынтымақтаса отырып, індетке қарсы тұрды. Олар өзара ұйымдасып, бір-біріне пайда жеткізеді»-, деді.

Қытайдағы Ауған елшісі «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің әрқайсысы дәстүрлі медицинаны зерттеу орталықтарын салып, өзара бірлескен зерттеулер жүргізіп, ынтымақтастықтың нәтижесін әлем халқымен бірге бөлісейік»,- деген тамаша ойымен бөлісті.

Беларусь Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Қытай медицинасының артықшылықтарына тоқталды. Ол індет кезінде мемлекеттің Беларусьқа көрсеткен көмегінің ішінде Қытай медицинасының көмегі ауыз толтырып айтарлықтай болғандығын атады.

Арменияның Қытайдағы елшісі өз елдерінде Қытай медицинасы жұрттың көңілінен шыққанын айтты. Ол індет кезінде Қытай медицинасының өніміне деген сұраныс жоғарылап, бұдан кейін де арта түсетіндігін жеткізді.

Тәжікстанның Қытайдағы елшісі қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы бірлестікті күшейту, екі ел ынтымақтастығының маңызды түйіні екенін айтты.

Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары дәстүрлі медицинаның емдеу әдісі Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің бұрыннан орныққан емдеу жүйесін кемелдендіреді. Бұл форумда әр ел өкілдері өзара пікір алмастырды. Сол арқылы індетпен күресте шығыс медицинасының рөлін тіпті де толық атқаруға болады деді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото