Коронавирустың дельта нұсқасының Азия өңірінде таралуы асқына түсті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 3 тамыз

3 тамыз, онлайн «Халық Газеті» --Коронавирустың дельта нұсқасы әлемнің әр аймағында қарқынды таралып келеді. Бұл Азияны да айналып өтпеді. 31 шілдеде Азияның көптеген қалалары дельтамен ауырғандар саны жаңа рекордқа жеткенін жариялады.

NHK-дың жариялаған мәліметінде, 29 шілдеде жергілікті уақыт бойынша 18 сағат 30 минутқа дейін Токиода бір тәулікте вирус жұқтырғандар саны 10699 адамға жеткен, ал одан бұрын бір тәулікте 9000-нан астам болған еді.

Олимпиада өтіп жатқан Жапонияның Токио қаласы, Тайланд, Малайзия елдері өткен сенбі күні ауырғандар саны рекорд жаңалағанын жариялаған еді, олардың көп бөлігі негізінен дельта жұқтырғандар.

Токиода өткен бір тәулікте 4058 адам вирус жұқтырса, оның ішінде 27-сі олимпиадаға қатысушылар. Жапония осыдан бұрын Токиодағы төтенше жағдайды тамыздың аяғына дейін созған еді. Енді науқастар санының артуына байланысты төтенше жағдайға енетін өңірлерді Токионың маңайындағы аудан-аймақтарға дейін кеңейтті.

Оңтүстік шығыс Азиядағы Малайзия елі де індет ең көп таралған ел санатында. 31 шілдедегі мәліметке қарағанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 17786 адамға жеткен.

Тайланд та 18912 адамның індет құрығына ілінгенін жариялады, бұл елде ауырғандардың жалпы саны 597287-ге жетті. Бір тәулікте 178 адам вирустан көз жұмды. Бұл бұған дейін тіркелген ең көп адам өлімі көрсеткіші. Қаза болғандардың жалпы саны 4857 адам. Ресми орындардың мәліметінше, ауырғандардың 60%-ы дельтаны жұқтырған, олардың 80%-ы Бангкокта тұрады.

30 шілдеде ДДҰ Бас директоры былай деді: «Өткен 4 аптада, әлем бойынша ауырғандар саны 80%-ға артты. Осыған дейін ұйымдасқан түрде атқарған жұмыстарымыз оң нәтиже бере бастаған еді. Енді әлемдегі ахуал қайтадан күрделеніп, көптеген елдің денсаулық сақтау жүйесі мұндай салмақты көтере алар емес».

АҚШ дерт-дербездерді бақылау орталығы CDC 30 шілдедегі мәліметінде: «Зерттеу нәтижесіне қарағанда бұл түрдегі вирустың таралуы аса қуатты, тіпті вирусқа қарсы вакцина еккендердің өзі бұдан қашып құтыла алмауы мүмкін, оның үстіне сырқат белгілері де ауыр болады», - дейді. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото