Осы жылдың алғашқы жарты жылында ел ішіндегі саяхатқа қатысушылардың жалпы саны 1 миллиард 871 миллионға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 3 тамыз

3 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 30 шілде күні Мәдениет және туризм министрлігінен алған мәліметі. Ел іші туризмі бойынша жүргізілген сауалнама нәтижесіне сүйенсек, биыл алдыңғы жарты жылда ел ішіндегі саяхаттаушылардың жалпы саны 1 миллиард 871 миллионға жеткен. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 100,8%-ға артқан. Бұл мәліметтің ішінде туризмге қатысқан қалалықтардың жалпы саны 1 миллиард 308 миллионға жетіп, 91,5%-ға артқан. Ауылдық жерлердің үлесі 563 миллион, яғни 126.1%-ға жеткен. 

Тоқсанға бөліп айтатын болсақ, былтырғы жағдайға байланысты ел ішінде саяхаттағандар санының артуы ақырын. Бірінші тоқсанда саяхаттағандардың жалпы саны 1 миллиард 24 миллион болып, өткен жылға қарағанда 247.1%-ға жоғарылаған. Екінші тоқсанда ел ішінде саяхаттағандардың жалпы саны 847 миллионға жетіп, бұрынғымен салыстырғанда 33% -ға артқан.

Биылғы жарты жылда ел ішіндегі туризм табысы 1,63 трлн. юань болып, былтырғы мезгілмен салыстырғанда 157,9%-ға артқан. Соның ішінде қалалықтардың туризмге жұмсаған қаржысы 1,29 трлн. юаньға жетіп, 149.8%-ға артқан. Ауылдықтардың туризм қызметін тұтынуы 0,34 трлн. юань болып, алдыңғы мезгілден 193.9% -ға жоғарылады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото