191 ғалым Қытай ғылым академиясының 2021 жылы сайланатын академиктердің кандидаттығына үміткер болды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 4 тамыз

4 тамыз, онлайн «Халық Газеті» --2021 жылдың 1 тамызында Қытай ғылым академиясы академикке үміткер 191 ғалымның есімін жариялады. Олардың ішінде математикалық физика бөліміне 35 адам, химия бөліміне 29 адам, өмір туралы ғылымдар және медицина бөліміне 36 адам, жер туралы ғылым бөліміне 27 адам, ақпараттық технологиялар бөліміне 26 адам, технология және ғылым бөліміне 38 адам үміткер болды.

Бұл жолғы жаңа сайлауда үміткерлердің есімін, жасын, мамандығын және жұмыс орнын қоғамға ашық жариялаумен бірге, сайлау жауапкершілігін қатаңдату үшін, бұл үміткерлерді таныстырған академиктердің де есімі мен таныстыру әдісі ашық жарияланды.

«Қытай Ғылым академиясы академиктерінің жарғысы» баптарына сәйкес, академиктерді толықтырудың алғашқы сайлауында әрбір мамандыққа қатысты бөлімдердің тұрақты комиссиясы дауыс беру құқығы бар академиктерді ұйымдастырып, үміткерлерді саралау мен теңгермелі сайлауды жүргізеді. Осы жүйе бойынша алғашқы іріктеу, ресми үміткер және соңғы саралау кезеңдері атқарылады. Соңғы сараланғандарды әрбір бөлімнің төрағалар алқасы талқыдан өткізген соң, дауыс беру құқығы бар академиктердің тең дауыс беруі арқылы жаңа академик сайланады. Жаңа сайланған академиктер есімі Қытай ғылым академиясының парттобы тексеруінен өткен соң, Қытай коммунистік партиясының Орталық комитетіне және мемлекеттік кеңеске тіркеуге жолданады.

Қытай ғылым академиясы тарапынан берілетін академик атағы Қытайдың ғылым мен техника саласындағы ең ірі ғылыми, өмірлік атақ. Бұған әр екі жылда бір рет сайланып отырады. 2021 жылғы Қытай ғылым академиясының жаңа академиктерін сайлау науқаны 2021 жылдың 1 қаңтарында басталған болатын. Биыл 73 үміткер сайланады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото