Еуропалық балалар жазғы демалысын қалай өткізеді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 4 тамыз
Еуропалық балалар жазғы демалысын қалай өткізеді
Жазғы демалыста балалар Бельгия Тервурендегі Орталық Африка королі музейін тамашалап жүр

4 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шілдеден бастап Еуропа елдерінің орта, бастауыш мектептері жазғы демалысқа шығады. Тілші жергілікті білім саласындағы мамандар және ата-аналармен сұхбаттасу арқылы Еуропа елдеріндегі балалардың демалыс уақыты, олардың демалыстарында әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, мейілінше қызықты өтетіні туралы білді. Балалардың демалыстарының айырмашылығына қарамастан, бір ортақтық бар екен. Ол – балалардың демалысын мүмкіндігінше мазмұнды етіп өткізу. Балалар жаттығу сипатындағы демалыс, жаздық лагерь, саяхат сынды көптеген іс-шараларға қатысу арқылы айналаны танып, білім деңгейлерін дамытады.

Франция

Ойын түріндегі іс-шаралар барысында тәлім беру.

Францияда балалар жазғы демалысында ата-аналарымен бірге қыдырады. Одан басқа өздерінің бейіміне қарай Франция Білім және мәдениет министрлігі және жергілікті үкімет ұйымдастырған іс-шаралар мен курстарға қатысады. Мұндағы шаралар балалардың жас ерекшелігіне қарай жоспарланады. Олар кітап оқу, көркемөнер мен ашық спорт түрлері сияқты болып келеді. Бұл шаралар мектеп пен отбасы тәрбиесін ұштастыра түседі. Ата-аналар да жазғы демалыста балаларының алаңсыз демалатынына көздері жетіп, біршама жеңілдеп қалады.

Жазғы лагерьдің ұйымдастырылу ұзақтығы әдетте 1 аптадан 3 аптаға дейін созылады. Лагерь орнына көбіне теңіз жағалауы, таулы жер таңдалады. Балалар онда атқа міну, серфингке қатысу, жаяу жүру сынды ойын түрлеріне қатысады. Бұл іс-шаралардың ақысы қымбат болмайды. Әлеуметтік жағынан әлсіз отбасылар үкіметтен жазғы демалысқа көмек қаражатын алуына болады. Сонымен бірге балалар жатақханасы бар жаздық лагеріне қатыса алады. Бұл кезде жатын орын қаражатының 80 пайызын үкімет береді.

Германия

Балаларды жазғы демалыста кезекпен, сапалы демалтады

Германияда бастауыш және орта мектеп оқушылары демалысқа әр түрлі мезгілде шығады. Оны 16 федералды штат өздері белгілейді.

Жаз маусымы - германиялықтардың демалатын мезгілі. Федералды штаттардағы бастауыш және орта мектептер бір уақытта демалатын болса, қатынас кептелісі, туризм орталықтарындағы қонақ үйлердің қымбаттауы сынды қиындықтар туындайды. Бұл демалыстың сапасына әсер етеді.

Германияда балалар ата-анасымен бірге серуендеп, демалыс өткізді. Биыл індет салдарынан көп отбасы демалыстарын үйлерінде немесе балаларын жақын арадағы курстарға беріп өткізбекші. Бұл елде жазғы демалыста жұмыс істеп ақша табатындар да бар. Германия заңында белгіленгендей, 13 жасқа толған жасөспірім қараушысының мақұлдауынан кейін, таңғы сағат 6-дан кешкі сағат 18 аралығында жұмыс істей алады. Бірақ бір күнгі жұмыс уақыты 2 сағаттан аспауы керек. Ауыл шаруашылық жұмыстарында 3 сағат істеуге рұқсат етілген.

Бельгия

Уақытша сынып демалысты түрлендіре түседі

Бельгияда демалыс уақытында жаздық лагерь, қамқоршылық тобы сынды уақытша сыныптар көп ұйымдастырылады. Мемлекеттік мектеп, жеке мектеп, би мектебі, тіл мектебі сынды қосымша дайындық орталықтары және тұрғындар аумағы сияқты қоғамдық ұйымдар балалар үшін әртүрлі шаралар ұйымдастырады.

Осы уақытша сыныптарда би, спорт, аспаздық, экологиялық тазалық сынды сабақтар өтеді. Онда әр пәннен сабақ өтілмейді. Өйткені Бельгия-да ата-аналар мен балалар жазғы демалыста демалып, сергу керек, оқулықтағы тақырыптар ешбір баланы қызықтырмайды деп санайды. Уақытша сыныптардан тыс Бельгияда жазғы демалыста ата-аналар мен балалар саяхаттауды да жақсы көреді. Биыл індеттің салдарынан өз көліктерімен саяхаттаған отбасылар көп болды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото