- Барлық ақпарат
Президент қазақстандықтарды елдің 19 миллионыншы тұрғынымен құттықтады
(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 5 тамыз
![]() |
Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетті. Бұл туралы Twitter-де ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Жәния — отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!», - деп жазды Мемлекет басшысы.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online