А Қ Ш – тың гегемоникалық ойы әлемнің даму беталысына көз жұмушылық болып отыр

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 6 тамыз

6 тамыз, онлайн «Халық Газеті» --Қытайға қарсы тұру үшін, АҚШ айналасындағы серіктес елдердің қолдауына үміт артып келеді. Нәтижесінде Америка өзінің ықпал ету қуатының әлсірегенін, ешкім де А Қ Ш –қа бұрынғыдай үйіріліп тұрмайтындығын, Қытайды ноқталау арқылы өзінің үстемдігін жүргізу мүмкіндігінің азайғанын сезінбейтін сияқты. Өзара пікірлесу арқылы өмірі, мәдениеті, даму жағдайы бір-бірінен алшақ екі ірі елді мәмілеге келтіретін жол табу ғана А Қ Ш үшін дұрыс шешім болмақ.

Қазір бүкіл әлемді індет нәубеті қайта шарпыды. А Қ Ш –тың өз ішіндегі індет жағдайы да былтыр жаздағыдан ауыр. Осындай сәттің өзінде А Қ Ш бар күшін індетке қарсы тұруға емес, Қытайға қарсы тұруға жұмсап отыр. Індеттің пайда болу-таралу мәселесін саясиландырумен бірге, жоғары дәрежелі басшыларын Қытайдың айналасындағы елдерге жиі жіберуде. Халықаралық ақпарат өкілдерінің сөзімен айтсақ, А Қ Ш Қытайдың төңірегіндегі елдерді өз мақсатына пайдаланып, Қытайға қарсы тұру қорғанын жасау арқылы оны қысымға алмақшы. А Қ Ш үкіметінің Қытайға жасаған «бірқатар» бақай есеп қулығы --- қазіргі таңдағы дүние жүзінің даму беталысын бағамдай білмегенін, Қытай секілді ел жауапкершілігін батылдықпен мойнына алған, сенімі асқақ, алға бастайтын ірі елмен қалай араласуды білмейтіндігін аңғартады.

Жаңа дәуірдің бағдарлы өзгерісі мен індет қатарласып келген қазіргі таңда, ірі елдер өз жауапкершілігін сезініп, кеуде кере алға шығуы керек. Індетке қарсы немесе дүние жүзі экономикасының қайта жандануына болсын, Қытай ірі мемлекет ретіндегі өз жауапкершілігін мойнына алып, құбылмалы жағдайда мызғымас тірек бола алды. Қытай ДДСҰ-ның қызметін белсенді қолдайды, індетке қарсы бүкіл дүние жүзінің ынтымақтасуын насихаттайды. Сол сияқты вакцинаны әлемнің ортақ құралы ету уәдесін орындап, жер-жерге вакцина мен індетке қарсы тұруға қажетті бұйымдарды экспортқа шығарып немесе көмекке жіберіп, әлемді қазіргі күрделі жағдайда індетке қарсы құралдармен қамтамасыз ететін бірден бір ел бола алды. Жаңа даму кезеңіне өткен Қытай елі ашық есік саясатын одан әрі жалғастырып, сауда саласын жақсартып, А Қ Ш –ты қамтыған әлемнің әр елінің кәсіпорындарына жаңа жабдықтар әзірлеуде. А Қ Ш сауда палатасының атқарушы вице –президенті Билл Майрон бір сөзінде, Америка өнеркәсіп-сауда кеңістігі өзара тиімді А Қ Ш – Қытай сауда ынтымақтастығын қажет етеді, экономикалық бірлесудің ыдырап кетуін қаламайды, А Қ Ш пен Қытайдың экономика және сауда аясында нақтылы ынтымақтастықтың орнығатынына үміттенеміз дегенді айтқан еді.

Ал А Қ Ш-тың әрекетіне назар салсақ, олар індетке қарсы тұруды ойдағыдай атқармады, 35 миллион халық вирус жұқтырды, 620 мың халық індеттің себебінен қаза болды. Індетке қарсы шаралардың ойдағыдай жүргізілмеуі айналадағы өзге елдерге де кесірін тигізді. Онымен қоймай, ДДСҰ-дан шегіну, вакцинаны және індетке қарсы тұруға керекті бұйымдарды қажет болған елдерге жеткізбеу секілді өзімшілдік әрекеттерімен өз ниетін әшкерелеп алды. Вирустың пайда болу себебін анықтау - адамзаттың болашақта осы тектес вирустардан сақтануына қажетті оңтайлы тәсіл. Бірақ АҚШ шындықты бұрмалап, саяси ойын жасап, Қытайға күйе жақты. Шын мәнінде, бұл әрекеттер әлемнің індетті жеңу қарқынына тұсау болары хақ. Әлем экономикасы айрандай ұйыған бүгінгі таңда, АҚШ сауда мен техника соғысын жариялап, қорғанымпаздық пен біржақтылық арқылы Қытайдың дамуына кедергі болғысы келеді.

Жолы түзуді бәрі қолдайды, ал жолы бұрысты кім қолдайды? Таяуда, әлемнің 100-ден астам елі және әр жердегі 300-ден астам партия, қоғамдық ұйым ДДСҰ хатшылығына бірлескен мәлімдеме жариялап, вирус мәселесін саясиландыруға қатаң түрде қарсы тұратынын білдірді. Демек бұл халық қалауы, ал А Қ Ш-тың халықаралық әділетті күшті таптап өтуі мүмкін емес. Шындыққа тура қарап, ниетті дұрыстап, Қытайға қарсы тұру стратегиясын ысыра тұрып, саналылыққа және нақтылыққа көшіп, өз еліндегі мәселелерді назарда ұстап, өзара пікірлесу арқылы тіршілігі, мәдениеті, даму жағдайы ұқсамайтын екі ірі елді мәмілеге келтіретін жол табу ғана А Қ Ш үшін дұрыс шешім болмақ. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото