Оқу-ағарту министрлігі бастаған тоғыз министрлік үздік мұғалім дайындау жоспарын жариялады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 6 тамыз

6 тамыз, онлайн «Халық Газеті» --Жуырда Оқу-ағарту министрлігі бастаған тоғыз министрлік «Орта және батыс өңірдегі дамуы кенжелеп қалған аймақтарда үздік мұғалімдерді кәсіби дайындау жоспарын» (төменде қысқартылып «үздік мұғалім жоспары» деп аталады) жариялады.

Бүгіннен бастап, Оқу-ағарту министрлігінің тікелей басқаруымен педагогикалық университеттер мен жергілікті ұйымдардағы педагогикалық колледждер бағыттамалы оқушы қабылдау әдісімен, кедейліктен арылған 832 аудандағы және орта, батыс өңірдегі құрлықтық шекаралық аудандардағы (төменде біртұтас бағыттамалы аудандар деп аталады) орта, бастауыш сыныптар үшін жылына 10 мыңға жуық мұғалім дайындап, орта, батыс өңірдегі дамуы кенже қалған өлкелердегі орта, бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жақсартып, саны жағынан мол үздік мұғалімдерді дайындайды.

Оқу-ағарту министрлігінің мұғалімдер қызметін басқару мекемесінің жауапты қызметкерінің айтуынша, министрлік қарамағындағы педагогикалық университеттер мемлекеттің үздік мұғалім дайындау жоспары міндеттерін орындауды қолға алып, ең бастысы бағыттамалы аудандардағы орта, әсіресе, жоғары сыныптарға мұғалімдер даярлайды.

Тиісті ақпараттарға қарағанда, үздік мұғалім жоспарына үміткерлер түгелімен сол жылғы мемлекеттік бірыңғай емтиханға қатысып, алдын ала қабылданатын бакалавриаттыққа жолдама алуы керек. Үздік мұғалім жоспарына қатысатын оқушылар мектепке қабылданудың алдында келісімшартқа отырып, оқуды аяқтағаннан кейін тиісті өлкелердегі бағыттамалы аудандарға барып орта, бастауыш сыныптарға мұғалім болу сияқты қызметтерді атқарады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото