Сайрам көлі халықаралық шаңғы алаңы құрылысы биыл аяқталады деп жоспарланып отыр

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 6 тамыз

6 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң газетінің тілшісі Ваң Жиңжиңның 3 тамыз күні Сайрам көлі аймағын басқару комитетінен алған мәліметі бойынша, алғашқы кезеңде 500 миллион юань қаржы жұмсалатын Сайрам көлі(Шыңжаңның Бұратала Моңғол автономиялы облысында орналасқан) халықаралық шаңғы алаңын салу құрылысы басталды. Нысан биыл салынып болады деп жоспарланып отыр.

Сайрам көлі халықаралық шаңғы алаңы Сайрам көлінің шығыс мүйісінде орналасқан. Қазіргі Сайрам көлі туристерге қызмет көрсету орталығы аумағының арасын бір жол ғана бөліп жататын болады. Нысанды салуға (бірінші мерзімі) 500 миллион юань қаржы бөлу жоспарланды. Мұнда жалпы ұзындығы 11150 метр болатын 4 шаңғы жолы, жалпы ұзындығы 5400 метр келетін 3 аспалы жол, 10 мың шаршы метрлік шаңғы жолы және қажетті құрылғылар қамтылған.

Шинжяң Ау-Ды қаржыландыру жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Сайрамдағы нысанға жауапты қызметкерінің айтуынша, серіктестік Сайрам көлі шаңғы алаңын төңіректей орналасатын төрт маусымдық саяхат – демалыс орны болмақшы. Шаңғы алаңынан сырт, жалама жартаста алтыбақан тебу сияқты таулы жерге үйлесетін әр түрлі спорттық нысандарды дайындайды. Сол арқылы Сайрам көлінің қысқы саяхат түрін байытумен бірге, басқа маусымдарда Сайрам көліне келетін туристерге анағұрлым көп ойын түрлерін ұсынады.

Сайрам көлін басқару комитеті саяхатты дамыту – басқару мекемесі бастығының орынбасары Луо Юе былай деді: «Бір маусым арқылы үш маусымды жебеу» сынды жобалық таным бойынша, Сайрам көлі халықаралық шаңғы алаңын спорт, демалыс, тынығу жалпы салалық туризмдегі саяхатшылар келетін аймаққа айналдыруға күш саламыз».  

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото