Тұңғыш рет «Қытай-Қырғызстан-Қазақстан» тасжол-темір жол бірлескен тасымалы қатынады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 6 тамыз
Тұңғыш рет «Қытай-Қырғызстан-Қазақстан» тасжол-темір жол бірлескен тасымалы қатынады

6 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- «Қытай-Қырғызстан-Қазақстан» тасжол-темір жол бірлескен тасымалының кезекті бағыты алғаш рет Қашқар жүк тасымалдау орталығынан арнаулы құрлық жолы арқылы шекарадан шықты.

Шыңжаң торабының хабары. 28 шілде күні тұңғыш рет «Қытай-Қырғызстан-Қазақстан» тасжол-темір жол бірлескен тасымалының кезекті автокөлігі жолға шықты. Бұл Қытай-Еуропа кезекші пойызы арқылы Жижанг өлкесінің Жинхуа оңтүстік бекетінен келген 725 тонна жүк болатын. Қашқарға жеткеннен кейін автокөлік арқылы Түргарт шекара өткелімен шекарадан шығарылып, Қырғызстанның Бішкек қаласына, Қазақстанның Алматы қаласына жеткізіледі.

Бұл тасжол-темір жол бірлескен тасымалының кезекті автокөлігі Шыңжаң Алатау сағасы, Қорғас өткелінен тыс жаңадан ашылған Еуропа-Азия өңірін қамтитын халықаралық сауда жолы. Ол отандық өнімдердің шетелге тасымалдануы үшін өте қолайлы бола түсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото