Си Цзиньпин: Қытай дүние жүзін 2 миллиард вакцинамен қамтамасыз етуге дайын

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 9 тамыз

9 тамыз, онлайн «Халық Газеті» --Мемлекет төрағасы Си Цзиньпин коронавирус вакцинасы бойынша халықаралық ынтымақтастық форумының тұңғыш жиналысына хат жолдады.

Хатында былай деді: «Биыл мамыр айында, мен дүниежүзілік денсаулық сақтау саммитінде әлем бойынша вирусқа бірлесе қарсы тұрудың бес түрлі шартын атаған болатынмын. Ол сөзімде, коронавирус вакцинасы бойынша халықаралық ынтымақтастық форумын ұйымдастырып, вакцинаны өндіруші ел, кәсіпорын және мүдделі тарап бірлесіп, вакцинаның дүние жүзіне әділетті таралуын қадағалау керектігін айтқанмын. Қазіргі таңда, індет жиі қайталанып, вирустың түрі де шапшаң құбылып (мутация) жатыр. Мен бұл жолғы жиналыстың дүние жүзіндегі вакцинаның әділетті және қолжетімді болуына жаңа серпін беріп, дамушы елдердің ынтымақтастық жағдайында бірлесіп әрекет етіп, адамзаттың індетті ертерек жеңуіне ықпал ететініне сенімдімін».

Хатта тағы былай делінді: «Қытай мемлекеті адамзаттың денсаулығын қорғау жолындағы ортақ мұратты қолдайды. Дүние жүзін, әсіресе дамушы елдерді вакцинамен қамтамасыз етеді және бірлесіп өндіруге белсене ат салысады. Бұл -вакцинаның әлемнің ортақ құралы болуының түпкілікті мәні. Қытай дамушы елдердің індетке қарсы тұруына барынша көмектеседі. Сонымен бірге биыл дүние жүзін 2 миллиард вакцинамен қамтамасыз етуге дайын. Қытай дамушы елдерге вакцина таратуға пайдалану үшін, COVAX-ке 100 миллион доллар қаржы бөлуге бекіді. Біз халықаралық қоғаммен бір ниетте болып, вакцина бойынша халықаралық ынтымақтастықтың алға басуына, адамзат болашағының ортақ мұратын қорғауға өз үлесімізді қосамыз.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото