Мельбурндағы Қытайлық медбикенің эпидемияға қарсы күрес кезіндегі сезім-күйі

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 9 тамыз

9 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 29 шілде күні Австралия Хабар тарату компаниясы Сиднейдағы індет жағдайы ауырлап, Австралия армиясы 300 вермахт жауынгерін шығарып, полицияға көмектесіп, карантинды күшейтті деп жариялады.

31 шілде күні Австралияның Квинсленд қаласында бір тәулікте 6 адам коронавирус жұқтырғаны жарияланды. Сондықтан Брисбенді қамтыған 11 әкімшілік аумақта 3 күн карантин болатыны ресми жарияланды. Індет жағдайы өршіп тұрса да, мыңдаған австралиялықтар Жаңа Оңтүстік Уэльсдің астанасы Сиднейге келіп, үкімет жариялаған карантинге қарсылық білдіріп жатыр.

Мельбурннің Монаш ауруханасы Хоспис бөлімінің медициналық қызметкері Лю Цзиньи бізге сұхбат бергенде «медициналық қызметкер бола тұра осындай жағдайды көргенде шарасыз қалдым. Қандай жағдайда да мен өз жұмыс орнымда отырамын, бұл менің жауапкершілігім. Эпидемияға қарсы тұрудың алғашқы кезінде, күніне аз дегенде 8 немесе 10 сағат қорғаныш киімін киетін едім. Оны кигенде дәретке бармауға тырысамын. Өйткені қорғаныш киімін киіп, шешуге уақыт көп кетеді. Бір минут ішінде бір науқастың өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан дәретханаға бармай істеуге тырыстым», - деді.

Мельбурннің бір емханасындағы ішкі аурулар бөліміндегі медициналық қызметкер Су Вэйминьхуэй сұхбат бергенде «Менің бөлімім коронавируспен ауырғандарды емдемесе де, індет жұқты деп қауіптенгендер бізге келеді. Ауру өршігеннен бүгінге дейін, мен күнде үй мен емхананың арасында жүгіріп жүрдім. Қазір мен тұрған емханада індет негізінен бәсеңдеді. Күніне 10-нан 20-ға дейін індет жұқтырғандар келеді. Алайда мен әлі күнге дейін сақтықты бәсеңдеткен жоқпын», - деді.

Эпидемиялық сақтық шарасы кезінде шаршау екінің бірінен кездеседі

Індет асқынғаннан кейін Австралиядағы көптеген емханалар ауру жұқтырғандар мен емдеу жүйесінің жүктемесін азайту үшін науқастың соңғы күніне дейін отбасындағыларды жанына акелмеді. «Індет кезінде қайтыс болғандар өте жалғызсырайды. Науқастардың отбасындағылар ең соңғы минутта жақын жандарының басын сүйей алмай, бізді қайырымсыз, адамгершіліктен кеткендер деп даттаған кездері де болды. Бірақ біз амалсыз осындай әрекетке барамыз», -дейді Лю Цзиньи.

Су Вэйминьхуэй: «Науқастың отбасындағылар емханаға келгенде 85%-ы бетперде кимейді. Оларға ескертуден шаршадым. Бұл жердің індеттен сақтану шаралары Қытайдағыдай қатаң емес. Мүмкін көпшіліктің еркін жүруіне көптеген факторлар әсер ететін де шығар. Австралия ресми сақтану талаптарын шығарғанымен, оның орындалуы міндетті емес. Халық сақтық шараларын өз еркімен жасауы тиіс», -деді.

Лю Цзиньи «эпидемиялық сақтық шарасы адамды шаршатады. Бір жолы қызметтесім екеуміз ауырған адамды тексеріп жатқанбыз. Кенет әріптесім бетпердесін алып тастап, коронавирус деген «қастандық теориясы» деді. Сонда мен таңқалып, медициналық қызметкер бетпердесін киіп, қолын жуып, адамдармен ара қашықтықты сақтап, басқаларға үлгі бола білу керек қой деп ойладым», - деді.

Сыртта жұрсекте үйдегілерді ойлап жұреміз

«Расын айтсам ата-анам менің алдыңғы шепте эпидемияға қарсы күресіп жүргенімді білмейді. Былтырдан бері олар мен үшін қатты алаңдайды. Бірақ мен медбике екенмін, қайда болсам да өз міндетімнің мұддесінен шығуым керек. Ол - менің міндетім. Мұнда да мейірбан жандар көп. Алғаш Қытайда індет асқынып тұрғанда, емханаға келген бір әжей: «Отбасындағылар аман-сау ма?» деп сұрағанда тебіреніп кеттім», - деді Лю Цзиньи.

Өз қызметін адал атқарып келе жатқан Су Вэйминьхуэй «былтыр маусым, шілде айларында Австралияда індет қайта асқынды. Қызметте де, тұрмыста да көп қиындықтарға кездестім. Мені аяп «қызметтен кетсеңші» деген достарым да болды. Бірақ Қытайдағы індет жағдайы жақсарғаннан кейін көңілім орнығып қалды да, бар пейілімді салып жұмысымды жалғастыра бердім. Өйткені бұл арадағы науқастарға біз керекпіз, мен осындағы медициналық қызметкерлермен ынтымақтаса отырып күрес жүргіземін», - деді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото