Жазғы Силин-Голе сахарасы

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 9 тамыз
Жазғы Силин-Голе сахарасы
Жазғы Силин-Голе сахарасының көркем көрінісі

9 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шілде айында ашық аспанның астында жасыл манат жамылған Ішкі Монғол автономиялы регионындағы Силин-Голе сахарасына ат басын бұра қалсаңыз, жасыл жайлаудағы тау самалы бір серпілтіп тастайды.

Көлікпен Дуолун көлі мал фермасын бетке алып, Шыңғыс хан соғыс салған жерлер мен Марко Поло іздерін бойлай жүрсеңіз, малшы кәсібінің байырғы әрі тылсым тарихы сізге жақындап келе жатқандай сезімде боласыз. Шаған Нұр динозавр зираты, Қола дәуіріндегі Xоңгер жартас суреттері, Түркілер қалдырған тылсым балбал тастар, аңызға толы Ердун Обао тауы, Цинь мен Хань әулеті ежелгі Қытай қорғанының қирандылары сияқты Көптеген мәдени, табиғи мекендер мен тарихи орындар көздің жауын алып, керемет сезімге бөлейді. Адамды таңқалдыратыны осы малшы ауылдың бойында жинақталған тарихы терең, сыры тылсым көптеген көне жұрттар.

Осындай тамаша сезімнің жетегінде Дуолун көлі аумағына қалай келіп қалғаныңызды білмей қаласыз. Екі жағалауы аласа дөңдер, құм және шалғындар. Бір бірімен ұласып жататын жеті көлден құралған екі орталық көл, үш жарты арал, бір құмды арал қалыптасқан. Бұл араның көрінісі көркем, төрт маусымның өзіндік ерекшелігі бар. 2850 деңгейлі шағын Қытай қорғанына дейін жаяу жүріп, Алима тауына шықсаңыз Дуолун көлі алақандағыдай болып көрінеді. Сіз де таза ауамен тыныстап, жадырап қаласыз.

Дуолунның ауасы таза, әрі астарында терең діни және сауда мәдениетінің тарихи белгісі жатыр. Цин әулеті кезіндегі Канси патшалығы тұсынан бастап салынған Хуидзун храмы, монғол тілінде «қуқысумо» деп айтылады, көк қырам деген мағынада. Ол қырам құрылысының реңіне байланысты айтылған. Цин әулеті Цяньлун кезінде салынған Шаньси гильдия залы қазір Дуолундағы жақсы сақталған құрылыс санатында. Ол керемет шебер жобаланған. Ол Дуолун саудасының көркейгенінің куәсі іспетті.

Одан кейін біз Настурция сахарасына келеміз. Сахараның аты Настурция гүлінің атымен аталған. Настурция гүлі құлпырған қызыл және күлгін гүлдер ашады. Бұл арада қуаңшылық болып жатса да, настурция сахарасының шөбі шүйгін, суы тұнық болады. Көрген жан Юан Шанду ескі жұртының кереметтігіне таңқалмай қоймайды. Настурция сахарасының айналасы сазды болғандықтан, әр жылы жаз маусымында тамаша салқын леп есіп тұрады. Жазда сахара таңғы шыққа шомылып, гүлдің хош иісі аңқып, бұлбұл сайрап, адамды тамаша сезімге бөлейді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото