«Дүниенің жотасындағы» Сычуань-Тибет тасжолы ала келген заманауилану мен қалалану

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 9 тамыз

9 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Нингчи Гонгбу саябағы – Тибеттегі(XiZang төменде бір тұтас Тибет деп алынады)ең үлкен қалалық орталық бақ. Саябақтың ішінде қалалықтар мен туристер сейілдеп, ағаш көлеңкесінде демалады. Өзенге жақын орналасқан балалар саябағында балалар асыр салып ойнап жүр. Кеш болғанда бақшадағы шамдар құлпырып, қаланың көрінісі көл бетіне түсіп, таңғажайып әсем көрініс орнайды. 

2020 жылы салынып, қолданысқа берілген Гонгбу саябағы қалалық саябақ, экологиялық саябақ, балалар саябағы және Гонгбу көшесі сынды 4 үлкен аумақты қамтиды. Жалпы ауданы 680 мың шаршы метр. Бұл Нингчи қаласындағы қала келбетін, тамылжыған табиғатты, рухани мәдениетті, халықтық әдет-ғұрып орындары мен сауда қызметі сияқты нысандарды бір бойына тоғыстырған тұңғыш кешенді саябақ.

Нингчи қаласыны Ба-іи аумағы

Нингчи қаласының үкіметі Ба-іи қалашығында орналасқан. Ол жер теңіз деңгейінен биіктігі төмен. Экологиялық ахуалы тамаша, қаласы таза, сондықтан да мұнда туристер үзілмейді. Біраз жылдардан бері жаңадан салынған теміржол, тасжолдардың арқасында қаланың инфрақұрылымы жақсарып, қала келбеті өзгерді.

Сычуань-Тибет тасжолының оңтүстігінің ұзындығы 2146 километр, солтүстігінің ұзындығы 2412 километр. Салынғанына 60 жыл дан бері осы қаншама шақырымдарға созылған Сычуань-Тибет тас жолын бойлай талай заманауи қалалар мен ауылдар бой көтерді.

Тибеттің Qamdo қаласы Басу ауданындағы Ранву көлі

Сычуань-Тибет тасжолының солтүстік желісінде орналасқан Qamdo қаласы Тибеттің шығысындағы маңызды қала. Таң дәуіріндегі Танбо ежелгі жолы мен ежелгі көлік жолы сауда желісіндегі маңызды жер болатын. Тау ішінде орналасқандықтан, қатынасы қолайсыз, жобалауы үйлесімсіз болып, қала ұзық уақыт бойы ойдағыдай дамымады.

2012 жылы орталық пен автономиялы районның қолдауы арқасында Qamdo қаласы өзінің жергілікті жағдайына қарай, өзіндегі бар байлығын пайдаланып, ел ішіндегі жобалау мекемелерінің нұсқауымен сапалы қала құрылысын жобалады. Жергілікті кадырлардың өзі Qamdo қаласының өзгерісіне таңқалды. Бұрын қаланың жалпы ауданы 4,6 шаршы километр, қалада тек 6 көпір бар еді, қазір қала көлемі 3 еседей кеңейді, көпір саны 13-ке жетті. Бүкіл қаланың келбеті 35%- ға жаңаланды.

Ранву көлі сағасындағы Ранву Халықаралық автокөлік лагері

Басу ауданындағы Ранву көлінің Тибеттің шығысындағы көрінісі керемет. Біраз уақыттан бері көл жағасындағы Ранву қалашығының инфрақұрылымы кемелденіп, туристер үзілмейтін аймаққа айналды. Мұнда бизнес өкілдерін қаржы салуға тарту үшін Ранву халқаралық саяхат орталығы салынды. Құрылыстың ауданы 5000 шаршы метрге жетеді. Нысанның ішінде дәмхана, кофехана, қонақ үй, көлік тұрағы, шатыр тігетін жерлер бар. Бұл Тибетке келетін туристердің сөзсіз аялдайтын жеріне айналды.

Нингчи қаласына жақын маңдағы Луланг қазірде дамыған экологиялық туризмнің шағын қалашығына айнады. Луланг тибет тілінде «Айдаһар Кинг аңғары» немесе «Құдайлар тұратын орын» деген мағынаны береді. Теңіз деңгейінен 3385 метр. Бұл араның аспанында ақша бұлттар жөңкіліп, даласы жасыл манат жамылып жатады. Оны «жерұйық» деп атауға да болады.

Луланг Халықаралық туризм қалашығы

2011 жылы Гуандун өлкесі мен Тибет автономиялы регионы бірге жоспарлай отырып, 3 миллиард 600 миллион қаржы қосып «Луланг халықаралық шағын саяхат қалашығы» нысаны салына бастады. 6 жылға созылған қажырлы еңбектің арқасында қарлы шың, ну орман қойнауында керемет туризм орталығы бой көтерді.

Қазір Луланг қалашығында 56 дүкен, 3 бес жұлдызды қонақжай, 100-ге жуық отбасылық қонақ үйлер бар. Енді Луланг қалашығы «қалашықтың қос қанаты» пішінінде жобаланып жалғастыра салынбақшы. Онда 4 қыстақ саяхатпен, 5 қыстақ тибет тауығын, сиыр өсірумен, жылыжайда көкөніс егумен шұғылданады. Одан тыс арасан сынды күтіну орындары да бар. Осы арқылы «Экологиялық туризм шағын қалашығының» қызмет көрсету әлеуеті мен сапасы жоғарылады.

Луланг Халықаралық туризм қалашығының бір көрінісі

Жарты ғасырдан бері қарай Сычуань-Тибет тас жолы Тибетке кіріп шығатын маңызды жол саналады, Тибет пен Сычуаньды жалғайтын күре тамыр, ынтымақ жолы ретінде маңызды рөл атқарып келеді. Оған ілесіп ауыл, қалашықтар заманауиланып, қалалық келбетке ауысып келеді. Сычуань-Тибет тас жолы қаншама ұлттың өмірін нұрландыра түсті. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото