Сириялық пинг-понгшы қыздың арманы

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 10 тамыз
Сириялық пинг-понгшы қыздың арманы

10 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 24 шілде күні Токио олимпиадасындағы әйелдер синглынің алдын ала ойындарында 12 жастағы Сириялық пинг-понг шабандозы Хендер Заза алғашқы жарыста жеңіліп қалды. Осылайша оның бұл жолғы олимпиада сапары аяқталды. Алайда оның Токио олимпиадасына баруының өзі тарихты жаңалады. Ол тұңғыш олимпиадаға қатысу мүмкіндігіне ие болған Сириялық пинг-понг шебері, әрі осы жолғы олимпиадаға қатысқандардың арасындағы, тіпті олимпиада тарихындағы ең жас пинг-понг шабандозы болды.

Токио олимпиадасының басталу салтанатында Заза бір ер спортшымен бірге Сирияның делегация туын ұстады. Сирияның Президенті Башар Асад жарыстан кейін Зазаға телефон шалып, туған халқы Зазаны мақтаныш ететінін жеткізді. Зазаның олимпиадаға қатысуы өз еліне серпіліс пен үміт сыйлағандай болды.

Заза Токиодан келген күннің ертеңінде-ақ жаттығуға кірісіп кетті. Ол жақында Иорданияда пинг-понг бойынша өтетін Араб чемпионатында бақ сынамақшы.

«Бұл менің осындай үлкен жарысқа тұңғыш қатысуым. Токио олимпиадасында топ жармасам да қуаныштамын, өйткені бұл Сирияның олимпиадаға қатыса алғанының куәсі», - деді Заза.

Топ жаттықтырушысы Әли «олимпиадаға қатысу Зазаның арманы еді. Осы үшін көп тер төкті,бұл жолы жеңіске жетпесе де, бірінші қадамын сәтті бастады», - деді.

Зазаның туған жері Сирияның батысындағы Хама қаласы. Соғыстың кесірінен Хама көп ойрандалды, балалар мектепке барып қалыпты оқи да, сыртта алаңсыз ойнай да алмайды. 5 жасынан бастап пинг-понг Заза мен ағасының рухани тірегіне айналыпты. Заза қандай жағдай болса да күніне 3 сағаттан, аптасына 6 күн жаттығуын тоқтатпаған. Заза осындай қажырлы еңбегінің жемісін көріп, 2020 жылдың ақпанында Сирияның атынан ITTF Батыс Азия өңірінің олимпиадаға іріктеу жарысына қатысады. 11 жастағы Заза 5 жарыстан 4 ұпай жинап, әйелдер арасынан жекелей чемпионатты жеңіп алады. Осы нәтижесінің арқасында Токио олимпиадасына жолдама алған еді.

Заза «осы жолғы олимпиадада мен Қытайлық пинг-понг теннисшілерінің ойынынан көп нәрсе үйрендім. Дин Нин мен Мэлоун менің ең аяулы жұлдыздарым. Қытайлық теннисшілер жарысқа қатысқанда, мен олардың әдіс-тәсілдерін көріп, кейбірін кескінге түсірдім. Мен Қытайға барып жаттыққым келеді, болашақта Қытайлық теннисшілердің деңгейіне жетсем деп армандаймын», - деді.

Журналист Зазамен бірге Сирияның пинг-понг теннисінен ұлттық құраманың жаттығу алаңына барған болатын. Ол жаттығу алаңындағы жағдайдың нашар екенін айтты. Қазір Дамаскінің ең ыстық кезі. Заза мен әріптестерінің жаттығу алаңында желдеткіш те жоқ, электрдің сөнуі де болып тұрады екен. Осында ортада Заза «Менің арман қуған жолыма ештеңе тосқауыл бола алмайды. Мен Дин Нин мен Мэлоун секілді олимпиаданың чемпиондығына жетіп, әлемге белгілі боламын», - деді сеніммен. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото