Иран АҚШ-ты өздеріне қарсы саяси қысымды тоқтатуға шақырады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 11 тамыз

11 тамыз, онлайн «Халық Газеті» --Иранның сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хатибзад 9 тамызда АҚШ Д.Трамп кезіндегі Иранға қарсы саяси қысымынан бас тартуы керектігін жеткізді.

Хатибзад журналистерге былай деді: «Трамп үкіметінің Иранды қысымға алу саясаты әлдеқашан жеңіліс тапты. АҚШ шындықты мойындап әрі бұл әрекетін өзгертуі керек. Әйтпесе Иран ядро келісімінің тиісті шарттарын орындауды қалпына келтіруде кейбір шарасыздық орын алады. АҚШ Иранға қарсы саяси қысымын тоқтатуы керек, Иран ешқашан Иран ядро келісіміне үйлеспейтін әрекеттерді қабылдамайды», - деді.

Хатибзад сөзін сабақтап: «Иран қазір үкімет құрамын жаңартып жатыр. Алайда Венада өткен келісімді қалпына келтіру келіссөзінен бас тартпайды. Иранның жаңа президенті Раиси Иранға қарсы қысымды тоқтататын қандай да келісімге оң қабақ танытады», - деді.

Еске сала кетсек, 2015 жылдың шілде айында, Иран АҚШ, Англия, Франция, Ресей, Қытай және Германия сияқты елдермен Иран ядро келісіміне отырған болатын. Келісім бойынша Иран ядро жоспарын шектейтін болса, халықаралық қоғам Иранға қарсы саяси қысымынан бас тартуға тиіс. 2018 жылдың мамыр айында АҚШ үкіметі Иран келісімінен жеке-дара шегініп, Иранға қарсы бірқатар қысым көрсету шараларын жүзеге асыра бастады. 2019 жылдың мамыр айынан бері Иран үкіметі Иран ядро келісіміндегі кей шарттарды орындауды тоқтатқан, әрі болашақта қалпына келтіруге болатынына уәде берген еді. Биыл 6 сәуірде Иран ядро келісіміне қатысты елдер Венада жиналып, ядро келісіміне байланысты Иран - АҚШ мәселесін талқылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото