Ресей мен Египет арасына тікелей ұшатын әуежолы толықтай қалпына келтірілді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 11 тамыз

11 тамыз, онлайн «Халық Газеті» --Ресейдің астанасы Мәскеуден Египеттің Қызыл теңіз жағалауындағы Хургада қаласына тікелей ұшқан ұшақ, 9 тамыз күні таңертең әуежайға қонды. Бұл Ресейден Хургада қаласына араға алты жыл салып тұңғыш рет тікелей ұшақпен жеткен жолаушылар еді. Демек, екі ел арасындағы тікелей ұшақтар түгелдей қайта қалпына келтірілді.

 Ресейден келген 300 жолаушысы бар ұшақтың ұшу жұмысына Египет авиакомпаниясы жауапты. Египеттің «Пирамида» газетінің хабарлауынша, Египет саяхатшылары және мұрағаттар министрлігі вице-министрі Рамия Камал әуежайда жолаушылардың алдынан шықпақ.

Египет авиакомпаниясының Бас атқарушы директоры Амр Әбу-Эннидің айтуына қарағанда, 10 тамызда теңіз жағалауындағы Шарм әл-Шейх қаласы Ресейдің тағы бір тікелей ұшағын қарсы алады. Осылайша, Мәскеуден Египет астанасы Каир қаласына күн сайын бір рет тікелей ұшақ қатынаудан сырт, Мәскеу мен Хургада арасына аптасына төрт рет, Мәскеу мен Шарм әл-Шейхтің екі арасына аптасына үш рет тікелей ұшақ қатынамақшы. Ұшу жұмыстарына Египет авиакомпаниясы жауапты болады.

Египет үшін Ресей маңызды туристер көзі саналады. 2015 жылы 31 қазанда Ресейлік «Когалымавиа» авиакомпаниясының Шарм әл-Шейхтен Санкт-Петербургке бет алған ұшағы әуеге көтерілмей жатып жарылып, Египеттің Синай түбегіне құлаған еді. Ұшақтағы 224 адам түгелдей қаза тапқан. Кейін бұл апатты лаңкестер біз жасадық деп жариялаған.

Осы оқиғадан кейін Ресей тарабы Египетке ұшақ қатынасын тоқтатқан еді. 2018 жылдың сәуір айында екі елдің астанасына ұшақ қатынасы қалпына келтірілді. Биыл сәуір айында Египет пен Ресей келісімге отырып, Ресей тарабы екі ел арасына қатынайтын ұшақтарды толықтай қалпына келтіруді мақұлдаған еді. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото