Шілде айында мемлекеттік тұтыну бағасының индексі 1%-ға артты

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 11 тамыз

11 тамыз, онлайн «Халық Газеті» --Мемлекеттік статистика бюросының 9 тамызда жариялаған санағындағы деректе шілде айында елімізде затпен қамтмасыз ету мен зат бағасы орнықты болған. Нарықтық сұраныс пен ұсыныс тұрақтылығы сақталған, мемлекеттік тұтыну бағасының индексі (CPI) сәйкес мезгілдегіден 1%-ға көп. Яғни өткен айдағыдан 0,1 пайызға артқан.

Осы күні жариялаған сандық мәліметтен, шілде айында мұнай, көмір және осы тектес заттар бағасының өсуіне орай, өнеркәсіп өнімдерінің бағасының да жоғарылауы байқалған. Мемлекеттік өнеркәсіптік өндірушілердің зауыттық баға индексі (PPI) сәйкес мезгілдегіден 9%-ға көп болып, өткен айдағындан 0,2 пайызға артқан.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото