Алысқа арман қуып кеткен жастар ауылдарына оралды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 11 тамыз

Шанси өлкесі Цзян ауданы Леңкоу ауылындағы Ван Лулу мінезі ашық-жарқын, жасы 20-дан асқан қыз. Ол университетті аяқтаған соң, қыстақтағы бірнеше жастармен бірігіп, далаға қаражидек егіп, табысқа жетеді. Қазір Хэнлингуан қыстағында 100 му(1му=0.067 гектар) жерге қаражидек егілді. Ван Лулу арнайы сауда белгісіне тіркеліп, қыстақтағылар үшін электронды сауда желісінің тың жолын ашты. Ван Лулудың туған жерінің сапалы қаражидектері еліміздің түкпір-түкпірінде сатылмақшы. Фотода Ван Лулу қаражидек теріп жүр.

Шэнси өлкесі Ханчжун қаласы Нин Цян ауданы Анле хэ қалашығындағы 30-дан асқан Чжао Демин ауылына оралып, кәсіп ашты. Ол 70-тен аса сика бұғысын бақты. Айналасындағы 35 отбасы да онымен бірге жұмыс істеп, жем-шөп дайындау, дивидендтермен бөлісу сынды тәсілмен баю жолына түсті. Қазір бір отбасына шаққандағы орташа жылдық табыс бұрынғыдан 3000 юаньнің үстінде артқан. Фотода Чжао Демин сика бұғыларының жағдайын тексеріп жатыр.

Сычуань өлкесі Нэйцзян қаласы Дунсин аумағындағы Лу Ян биыл 31 жасқа келді. Сыртта көп жыл жұмыс істеген Лу Ян, 2018 жылы ауылына қайтып, бау-бақша кәсібі кооперативін ашады. 60 му жерге құмарлық жеміс отырғызып, күтіп-баптаудың арқасында 2019 жылы бірінші сұрыпты сапалы құмаралық жемісін жинап, нарыққа шығарды. Сол жылғы табысы 600 мың юань болды. Бұрынғы тақыр жерді жемісті өлкеге айналдырды. Фотода Лу Ян жаңа теріп алған құмарлық жемісін көрсетіп жатыр.

Хэбэй өлкесі Ренцю қаласы Чуан қалашығындағы жастары 30- дан асқан ағайынды Хан Зинан мен Хан Зиені танымайтындар жоқтың қасы. Олар 2014 жылы ауылдарына оралып, 300 му жерге мергя егеді. Олар тынымсыз үйрену мен күтіп-баптаудың арқасында мергяның әсемдік және дәрілік сынды көп түрлерін, қасиетін жетік біліп алды. Фотода Хан Зие (сол жақта) мен Хан Зинан(оң жақта)жылыжайда мергяның өсу жағдайын тексеріп жатыр.

Чжэцзян өлкесі Цзясин қаласы Наньху аумағының шабдал өндіру тарихы ұзақ. Бала күнінен шабдал бақшасында ержеткен 36 жастағы Чен Хуйчун туған жерінің шабдалын жинап, өнімді нарыққа шығарсам деген арман жетегінде университетті тәмамдағаннан кейін, ауылына келіп кәсіп ашады. Ол өкілдік сатушы қабылдау, интернетте тіке сатылымды ұйымдастыру арқылы шабдалы жемісін еліміздің түкпір-түкпіріне жеткізді. Ол желі мен дүкенде сатуды ұштастыру арқылы шабдалы сатуда мол табысқа қол жеткізді. Фотода Чен Хуйчун өз бақшасында шабдалы теріп жүр.

Шандун өлкесі Донгинг қаласы Донгинг аумағындағы Фэн Шутао университет бітіргеннен кейін ауылына қайтып, жүзім өсіреді. Сол арқылы төңірегіндегі 30-дан астам тұрғындарды ауқаттандырды. Фотода Фэн Шутао Күн шуағы раушан жүзімін баптап жүр.

Шыңжаңның Тұрпан аймағының тумасы Әбидолла Өмір әкесінен бастап шаруашылықпен айналысты. Ол колледж бітіргеннен кейін Ханчжоу, Чанша сынды аймақтарда электронды сауда жүргізуді қолға алды. 2017 жылы ауылына келіп, интернетте және дүкенде туған жерінің өнімдерін сататын кәсіп түрін ашады. Қанша жылғы қажырлы еңбектің арқасында былтыр компаниясының табысы 10 миллионға жетті. Ол ауылдастарын да ұмытпай, қол ұшын созып, шаруалардың да табысын арттырды. Фотода Әбидолла Өмір құмыл қауыны егістік жерінде интернет арқылы сауды жасауда.

Алысқа барып арман қуғандар, ауылына оралып, армандарын жүзеге асырды. Ауылға келген жастар өздерінің жаңа ойларымен бөлісіп, егістікке заманауи техникаларын қолданып, ауыл шаруашылық өнімдеріне қолдау жасап, олардың нарыққа жетуіне жол ашты.

Жастар туған жерлеріне орнығып, ақыл-парасатымен, жүрек жылуымен туған топырағының егістігін суғарды. Сол арқылы ауыл-қыстақтың дамуына жаңа өміршең күш сыйлап, ауыл-қыстақты көркейтіп, ұлы далаға жастық шақтарының дастанын жазды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото