Лямбдадан абай болайық! Тағы бір өзгерген вирус мутациясы байқалды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 12 тамыз

12 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- АҚШ сымды телевизиясы жаңалықтарының хабарлауынша індеттің таралуына байланысты, былтыр желтоқсанда Перуде ең алғаш анықталған лямбда вирус қаламшасы жұққан науқастар АҚШ-та да байқала бастаған.

Дүние жүзіндегі жұқпалы тұмауға және Covid-19-ға қатысты ақпараттарды жариялайтын «Жұқпалы тұмау деректерін ортақ пайдалану жөніндегі дүние жүзілік мәліметтерді» зерттеу деректеріне қарағанда, қазір АҚШ-та лямбда вирус қаламшасын жұқтырып, Covid-19-ға шалдыққандардың саны 1060 адамға жеткен.

Бұдан басқа «Дельта» мутацияланған вирустың таралуы да шапшаң болғандықтан, АҚШ-та коронавирусты жұқтырып, емханада жатқан және қаза болған адамдар саны үздіксіз артуда.

Covid-19-дың өзгерген лямбда вирус қаламшасына қалай төтеп беру керек? Мамандар мынадай кеңес береді: «Covid-19 бен оның өзгерген вирус қаламшаларын жеңу үшін вакцина егу қызметін кеңейту керек. Бұдан басқа бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты шараларды орындау қажет.  

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото