Қытайдың 13 түрлі өнімі дүние жүзі бойынша ең ірі нарық үлесін иеленді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 12 тамыз

12 тамыз, онлайн «Халық Газеті» --Әлемдегі экономикалық айналымда маңызды орынға ие қызмет көрсету, қажетті бөлшектер мен материалдар сияқты 70-тен астам тауарларға «Жапония экономика газеті» 2020 жылы «Маңызды тауарлар мен қызметтердің үлесі» атты зерттеуін жүргізді. Мұнда көміртегінің зияндылығын шектеу талабына байланысты дамып келе жатқан күн панельдері мен автокөлік батареясы секілді қоршаған ортаға залалсыз салалар мен бұлттық қызмет сияқты кәсіпорын инновациясына көмегі тиетін цифрлық трансформацияға қатысты жүйелер де қамтылды. Нәтижесінде, Қытай кәсіпорындарының ақылды динамик, ақылды телефон, қауіпсіздік камерасы, компьютер, тұрмыстық ауа баптағыштар, кір жуғыш машиналар сияқты 15 түрлі өнімі 3/1 ден астам нарықтық үлесті иеленді. Оның ішінде 13 түрлі өнімдегі ең жоғарғысы Қытай кәсіпорынының нарықтық үлесіне тиесілі.

Күн панельдері саласында 2020 жылғы ең жоғары нарықтық үлесті иемденуші LONGi акционерлік қоғамы болды. Үлкен және орташа жүк көліктері саласында Қытай FAW тобы ең ірі нарықтық үлеске ие болды. Ақпараттық технологиялық өнімдерге қолданылатын шағын және орташа СКД панелі мен үлкен СКД панелі саласында, BOE технологиялық тобы ең басты нарықтық үлеске жетті. Электромобиль үшін өзекті өнім саналатын көлік батареясы саласында Нинд дәуірі Жаңа энергетикалық технологиялар компаниясы Оңтүстік Кореяның LG химиялық компаниясымен бәсекеде жеңіп шығып, ең жоғары нарықтық бағаға ие болды. Литий батареяларына арналған изоляторлар бойынша Шанхай SEMCORP акциялармен шектелген серіктестік 22.3 %-дық нарықтық үлеспен бірінші орында тұр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото