Қытайдың хоккей құрамасы Мәскеуге жаттығуға келді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 12 тамыз

12 тамыз, онлайн «Халық Газеті» --Таяуда Қытайдың хоккей құрамасы Ресейдің Мәскеу Гринвуд халықаралық сауда орталығында, Бейжін 2022 қысқы олимпиадасына дайындық рәсімін өткізді.

Бейжін 2022 қысқы олимпиадасының хоккей ойындарына дайындық жұмыстарына басшылық ететін топтың жауапты қызметкері Ван Сюанның айтуынша, бұл жолы Ресейге келген Қытай хоккей құрамасында жалпы 65 адам бар, ер адамдар - 35, әйел адамдар - 30. Мемлекеттік спорт департаментінің бекітуімен, спортшылар осы жолы «сыртқы жаттығулар» үлгісімен ерлер командасы құрлықтық хоккей лигасының (KHL) 50 ойынына қатысады, әйелдер құрамасы Ресей әйелдер хоккей лигасының (WHL) 40 ойынына қатысады. Жаттығу желтоқсанның ортасына дейін бес айға созылады.

Ван Сюан былай деді: «Ресейге келіп жаттығуымыз қысқы олимпиада үшін маңызды дайындық болмақшы. Құраманың техникалық және тактикалық деңгейін жоғарылату, әсіресе, қарсыласу және нақты шабуыл мүмкіндіктерін арттыру арқылы қысқы олимпиадада жақсы нәтижеге қол жеткізіп, еліміздің даңқын көтеру - біздің басты мақсатымыз. Сонымен бірге, құраманың өкілдері толықтай вакцина ектірді. Спортшылардың денсаулығына кепілдік ету үшін, Ресейдегі жаттығу жабық түрде өтеді».

Қытай мемлекеттік құрамасы жетекшісінің орынбасары, Шэньчжэнь Кунлун Red Star хоккей клубының бас директоры Чжоу Сонг болай деді: «Ресей хоккейінің деңгейі аса жоғары, KHL әлемдегі ең атақты лига саналады. Қытай мемлекеттік хоккей құрамасының ойыншылары Шэньчжэнь Кунлун Red Star хоккей клубы арқылы аталған лига жаттығуын көре алса, бұл құраманың сапалық деңгейінің жоғарылауына ықпал етіп, Бейжін 2022 қысқы олимпиадасында табысты нәтижеге жетуге мүмкіндік береді».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото