Қытай – Араб елдері онлайн көрмесі өтеді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 13 тамыз

13 тамыз, онлайн «Халық Газеті» --Таяуда 5-інші мәрте Қытай – Араб елдері көрмесі онлайн форматта өтеді. Бұл Қытай – Араб елдері көрмесінің тұңғыш рет онлайн форматта жоспарлануы еді. Көрме барысында жүз мыңдай сауда саласы «бұлт жүйесі» арқылы көрмеге қатысады деп межеленді.

Ақпараттарға қарағанда, бұл жолғы көрменің басты тақырыбы: «Цифрлы бұлт көрмесі·бөгетсіз тілдесу». Негізінен, көрме «Даму стратегиясының жаңа мүмкіндіктерімен бөлісу», «Цифрлы экономиканың жаңа табыстарын талқылау», «Бұлт жүйесіндегі жібек жолының жаңа болашағымен танысу» секілді үш бағытта өтеді. Сол сияқты цифрлық мүмкіндіктерді үйлестіру, Қытай және «бір белдеу, бір жол» жағалауындағы елдер арасында оңтайлы әрі өнімді экономикалық және сауда ынтымақтастық платформасын құру көзделеді. Онлайн көрме Нинсядағы тоғыз ірі өнеркәсіпті ерекшелеп, іскерлік саммиті, «бір белдеу, бір жол» инвестициялық ынтымақтастық конференциясы, жасыл өнім (залалсыз, табиғи өнім) және медициналық көмек сияқты бұлт көрмесі түрлерін өткізеді. Сонымен бірге, Қытай және «бір белдеу, бір жол» бағдарламасына қатысатын елдердің ресми басшыларымен, сала мамандарымен, кәсіпкерлермен бұлт жүйесі арқылы кеңес өткізеді.

5-інші мәрте ұйымдастырылатын Қытай – Араб елдері көрмесі 19-22 тамыз аралығында Қытайдың батыс өңіріндегі Нинсяның Инчуань қаласында өтеді. Сол жерде көрменің ашылу рәсімі, іскерлік саммиті, инвестицияларды ынталандыру конференциясы, технология трансферті мен инновациялық ынтымақтастық конференциясы, су ресурстары форумы, Қытай - Араб энергетикалық ынтымақтастығы конференциясы сияқты маңызды шаралар ұйымдастырылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото