Қытай – Ресей табиғи газ құбырының шығыс желісі 10 млрд текше метр газ жөнелтті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 13 тамыз

13 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Журналистердің 11 тамызда Мемлекеттік құбыр желісі саласынан алған ақпараты бойынша, Қытай – Ресей табиғи газ құбырының шығыс желісі 2019 жылдың желтоқсан айында іске қосылғаннан бері, жалпы көлемі 10 миллиард текше метр газ жөнелткен.

Мемлекеттік құбыр желісіндегі жауапты маманның айтуынша, қазір Қытай – Ресей табиғи газ құбырының шығыс желісі күніне 28 млн текше метр газ тасымалдай алады. Биыл жыл аяғына дейін тасымалдау қуатын күніне 43 млн-ге көтеру жоспарланып отыр. Сол сияқты құбыр желісі үстіміздегі жылдың қысы мен келер көктемде табиғи газбен қамтамасыз етуге кепіл болумен бірге, қысқы олимпиаданың энергияға сұранысын да қанағаттандыра алады.

Қытай – Ресей табиғи газ құбырының шығыс желісі Қытайдағы 9 өлке-қаланы басып өтеді. Ел аумағында жаңадан салынған құбыр желісі 3371 километрге созылады, ал 1740 километрі бұрынғы бар құбырды пайдаланады. Құбыр құрылысы солтүстік, орталық және оңтүстік үш бөлігі кезең бойынша салынып жатыр. Қазіргі таңда солтүстік және орталық бөлігі аяқталып, пайдалануға берілді. Оңтүстік бөлігін 2025 жылға дейін бітіру жоспарланған. Құрылыс нысаны толығымен аяқталған соң, жылына 38 млрд текше метр газ тасымалданып, құбыр желісі бойындағы 400 млн халықтың қажетін өтейді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото