Өткен жеті айда Циндаоның импорт-экспорт сауда айналымы арта түсті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 13 тамыз

13 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Таяуда Циндао кедені биылғы жылдың алдыңғы жеті айында импорт-экспорт сауда сомасы 473,64 млрд юань болып, былтырғы жылмен салыстырғанда 39,3 %-ға артқаны туралы мәлімет жариялады. Оның ішінде экспорт сауда сомасы 265,6 млрд юаньға жетіп, өткен мезгілдегіден 34%-ға, импорт сауда сомасы 208,04 млрд юань болып, сәйкесті мезгілдегіден 46,8 %-ға артқан.

Өңірлер бойынша салыстырғанда, өткен жеті айда Циндаоның негізгі сауда нарығындағы импорт-экспорт сатылымы жоғарылаған. АСЕАН нарығындағы импорт-экспорт саудасы 76,99 миллиард юаньға жетіп, 66,5%-ға артты; Еуропа Одағы нарығындағы импорт-экспорт айналымы 57,39 млрд юань болып, 26,4% -ға артты; АҚШ нарығындағы импорт-экспорт саудасы 54,37 миллиард юаньға, яғни 42,8%-ға артты. Аталмыш кезеңде Циндаоның Оңтүстік Корея, Жапония және Бразилиямен арадағы импорт-экспорт айналымы жекелей алғанда 34,1%; 17,4% және 29,4%-ға артқан. Сонымен бірге, «бір белдеу бір жол» жағалауындағы елдермен болған импорт-экспорт саудасы 147,83 миллиард юаньды құрап, сәйкесті мезгілден 56%-ға жоғарылаған. RCEP-тің басқа мүше елдерімен болған импорт-экспорт 181,24 миллиард юаньға жетіп, 46.8%-ға артқан.

Сыртқы сауда құрылымы бойынша электромеханикалық өнімдерді экспортқа шығару қарқыны артқан. Өткен жеті айда, Циндаоның электромеханикалық өнімдерін экспортқа шығару сауда айналымы 126,58 миллиард юаньға жетіп, 39%-ға артып, даму қарқынын 17,9 пайызға көтерген. Оның ішінде тұрмыстық электр аспаптары, контейнер, автомобиль бөлшектері және әмбебап механикалық жабдықтарды экспортқа шығару жекелей алғанда 38,7%; 81,1%; 29,2% және 29,7%-ға артқан.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото