Шығыс Африка мен тұтас Африка құрлығының игілігіне айналуынан үміттіміз

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 16 тамыз

16 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай компаниясы салған Кения Момбаса-Найроби стандартты темір жолы 2017 жылдың мамыр айында іске қосылғаннан бері, жиыны 5 миллион 415 мың жолаушы және 1 миллион 308 мың контейнер тасымалдаған. Арада ешқандай қауіпсіздік жауапкершілігіне байланысты кемшіліктер болған жоқ. Сонымен бірге, бұл қатынас Кения және аймақтық елдердің дамуы мен халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруында маңызды рөл атқарды.

«Күн сайын тиісті қызметкерлердің бетперде тағуын, пойыз жүргізушілердің жұмыс орнында қолғап киюін әрі дене қызуының қалыпты болуын, пойыздың асханасы мен жуынатын бөлмесінің санитарлық талапқа сай болуын қадағалау – менің кезекшілік кезіндегі міндеттерім», - дейді пойыз жүргізушілеріне жауапты Концилия. Індеттен сақтану кезінде Момбаса-Найроби темір жолы күніне 6 мәрте жолаушылар пойызын, 16 мәрте жүк пойызын жөнелтеді. Бұдан басқа астық таситын арнайы және контейнер таситын екі қабатты арнайы пойыздар бар.

Концилия Момбаса-Найроби темір жолының алғашқы санаттағы жүргізушілерінің бірі. «2017 жылдың басында Қытайдағы Шэнси Баоджи теміржол техникалық колледжін таңдап, сондағы тәжірибеге барған күндерім есімнен кетпейді. Үйренуге барған жетеуіміз 50 күнде Қытай өндірген тепловоздың құрылымы мен жұмыс принципін игердік»,- деп есіне алды Концилия. Ол Қытайдан Кенияға қайтқаннан кейін, әріптестерімен бірге, қытайлық жүргізушінің жетекшілігімен пойыз жүргізуге жаттығады. «Пойыздың орнын тұрақтандыру, локомотив дабылы, аттану дабылы ... бәрі де адам өміріне, мал-мүліктің амандығына саятындықтан, бұлардан ешқандай ағаттық жіберуге болмайды», - дейді ол. Індет кезінде жұмыстың салмағы ауырлады, алайда ол уақытпен санаспай, жүктерді тасымалдау мен басқаруға қатысты біліктіліктерді үйренуде. Концилияның сөзімен айтсақ, «Момбаса-Найроби темір жолы маған қабілетімді шыңдауға мүмкіндік берді».

Тиісті ақпараттарға сүйенсек, Қытайдың CRBC компаниясы Момбаса-Найроби темір жолының құрылысына және жүргізу жұмыстарына жауапты. Аталған компания жергілікті жерде талапты мамандарды дайындау базасын және темір жол колледжін құрып, олар дайындаған 50-ден астам кениялық азамат жүргізуші куәлігін алды. Болашақта Кения, тіпті бүкіл Шығыс Африканың темір жол торабына жоғары деңгейдегі мамандарды дайындау үшін, жоғары сыныпты үздік бағамен тәмамдаған 100 кениялық оқушының Қытайда оқуына (шетелде оқу форматымен) қаржылық қолдау көрсетті.

Момбаса-Найроби темір жол қызметінің сәтті жүріп жатқанына 1500 күннен асты. Кения темір жол бюросының тасымалға жауапты директоры Сиери былай деді: «Момбаса-Найроби темір жолының әр күнгі тасымалы 1600 жүк көлігінің немесе 180 автобустың тасымал қуатымен барабар. Біз темір жолдың қызмет аумағын кеңейтіп, Шығыс Африканы және тұтас Африка құрлығын игілікке кенелтуден үміттіміз».

«Момбаса-Найроби темір жолы қауіпсіз болумен қатар, жергілікті темір жол технологиясының дамуына да ықпал жасады. 2500 адамдық тасымалдау тобының 80 пайызы жергілікті азаматтар. Бұл жағдай жұмысқа орналасу мен қызметкерлердің техникалық жақтан біліктілігін жоғарылатуында маңызға ие»,- деді Африка одағының бұрынғы төраға орынбасары Mwincha. Момбаса-Найроби теміржолы Шығыс Африка экономика дәлізінің маңызды бөлігі ретінде, жергілікті жердің экономикасының жанданып, көркеюіне оң ықпал жасады. Адамзатқа ортақ болашақ үшін Қытай өзінің даму мүмкіндіктерін Африканың әр елімен бөлісуге дайын.

Мәліметтерге қарағанда, Момбаса-Найроби темір жолы биыл жалпы жиыны 221 мың стандартты қораптық зат тасымалдады. Бұл ең жоғары тасымалдау мөлшерімен салыстырғанда 26,6%-ға артты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото