Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы былай деді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 16 тамыз
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы былай деді

16 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2022 жылдың басында әлемде COVID-19-ды жұқтырғандардың саны 300 миллионнан асады деп мәлімдеді.

Қытай ақпарат торабының 12 тамыз күні берген хабары. 11 тамыз күні дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы егер індет жағдайы осылай асқына берсе, 2022 жылдың басынада әлемде COVID-19-ды жұқтырғандардың саны 300 миллионнан асатындығын ескертті. Аталған ұйым әлемдегі барлық елдің басшыларын әлеуметтік жағынан аз қамтылған мемлекеттерді індетті анықтайтын құрылғылармен, емдеу техникаларымен және вакцинамен қамтамасыз ету арқылы індеттің таралу жылдамдығын бәсеңдетуге шақырды.

11 тамыз күні, Женевада өткізілген тілшілерді қабылдау мәжілісінде, дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас алқасы Тан Десай былай деді: «Алты айдың ішінде дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдегі індетке шалдыққандардың жалпы санының жүз миллионнан асқандығын жариялады. Өткен аптада жалпы індетке шалдыққандардың саны 200 миллионға жетті. Оның үстіне нақты індетке шалдыққандардың көрсеткіші бұдан әлдеқайда көп екендігін білеміз» .

Тан Десай мынаны атап көрсетті: «Әлемдегі індетке шалдыққандардың жалпы саны 300 миллионға жету-жетпеуі, қаншаға жететіні барлығымыздың осы жолдағы әрекетімізге байланысты. Індет жағдайының қазіргі өршу беталысына қарағанда, 2022 жылдың басында әлемдегі індетке шалдыққандардың саны 300 миллионнан асады. Десе де оны тізгіндеуге әлі де мүмкіндік бар».

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдемесінде осыдан бұрын кірісі төмен мемлекеттерге індет вакцинасын беруге, оттегі және медициналық қызмет жасауға 7 милллиард 700 миллион АҚШ доллары шұғыл қажет екендігі айтылған болатын.  

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото