Бейжің 2022 қысқы олимпиадасы, біз дайынбыз!

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 16 тамыз

16 тамыз, онлайн «Халық Газеті» --Бейжің 2022 қысқы олимпиадасының ресми лицензияланған тауарлық бөлшек сауда дүкені таяуда жұмысын бастап, тұтынушылар үшін Бейжін қысқы олимпиадасы тауарларын сатып алудың жаңа жүйесін дайындады.

Таяуда «технологиялық қысқы олимпиаданың жедел көрмесі» Бейжіңдегі Қытай ғылым мен технология мұражайында ашылды. Көрме «Қысқы олимпиада тарихы», «Қысқы олимпиада серті», «Қысқы олимпиадамен біргеміз» сияқты үш бөлікке бөлінді. Негізінен қысқы олимпиаданың даму тарихы, Бейжің 2022 қысқы олимпиадалық және паралимпиадалық эмблема, талисман, алау және технологиялық қысқы олимпиада көрсетіледі. Жас жеткіншектерді қысқы олимпиадаға ынталандыруға және қар-мұз ойындарын насихаттауға арналған көрме 31 тамызға дейін ашық болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото