Экспорт деңгейі сақталып, технологиялық түрлену үздіксіз артуда

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 17 тамыз
Экспорт деңгейі сақталып, технологиялық түрлену үздіксіз артуда

17 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың сауда министрлігі берген мәліметке сәйкес, биыл қаңтардан шілдеге дейін Қытай тауар айналымының жалпы экспорттық құны 11,66 трлн. юань болып, өткен жылмен салыстырғанда 24.5%-ға артқан. Қытайдың ең жаңа экспорттық табысы барлығының, әсіресе халықаралық қоғамның назарын аударды. Қытайлық тауарлардың халықаралық нарықта жақсы сатылымға ие болуының сыры неде? Бұған шетелдік ақпарат медиялары жарыса жауап іздеуде.

«Барлық нарық саласын толтырды»

Қытайдың сауда министрлігі берген мәліметке сәйкес, экспорт нарығы бойынша қаңтардан шілдеге дейін Қытай АҚШ, Еуропалық Одақ, Жапония сынды елдердің дәстүрлі нарыққа қосқан жалпы экспорт көлемі 22,6% -ға өсті. Жаңа гүлденген нарықтық ынтымақтастық тіпті де тереңдей түсті. АСЕАН, Латын Америкасы, Африка сияқты елдердің енді дамыған нарыққа қатысты жалпы экспорт көлемі 26,5% -ға өсті.

«Россия сегодня» телеарнасының сайты жақында «Қазір Қытайдың экспорт саудасы әлемнің барлық белгілі салаларын тауармен толтырды. Әсіресе Қытайдың электронды өнімі жершарының түкпір-түкпіріне тарады», - деп жазды.

Эпидемия кезінде «Қытайда өндірілген» белгісіндегі тауарлар көпшілікке молынан жеткізілді. АҚШ-тың «Нью -Йорк Таймс» газетінде басылған бір мәліметте: «АҚШ пен Еуропадағы кампаниялар Қытайда өндірілген қосалқы бөлшектерді сатып алуға кірісті. Сол сияқты індет кезінде үйінде жатқандар отбасын қайтадан безендіруді немесе жаңалауды ойластыра бастады. Тіпті індет кезінде жұртшылықтың азық-түлікті де артығымен алуларына тура келді. Міне, осындай қажеттіліктер туғанда Қытай тауарларына сұраныс арта түсті», - делінген.

Кореяның «Орталық газеті» Токио олимпиадасында пайдаланылған жарыс құралдарының жартысына жуығы Қытайдан келгені туралы жазды. «Алдымен көзге түсетіні 11 мемлекет бен 29 босқыннан құралған босқындар өкілдерінің киген киімін Қытайдың «Hengyuanxiang» Жұңхуа брендтік кәсіпорны шығарған, әрі тарту еткен. Қытайда жасалған заттар қайда болса да кездесіп отырады. Токио олимпиадасында Қытай интернет технологиясына да өз қолтаңбасын түсірді. Қытайдың Alibaba кәсіпорны 3D технологиясын қолданып, спортшылардың ойын экрандарын таратып, көрермендерді спорт бәсекесін көзбе-көз тамашалағандай сезімге бөледі.

«Орталық газет» былай деп жазды: «Бұрын Қытай негізінен басқа зауыттар үшін OEM өнімдерін шығаратын. Ал қазір Қытай олимпиада сияқты әр түрлі халықаралық жарыстарға жоғары сапалы өнімдерін ұсынатын деңгейге жетті. Қытайда өндірілген бұйымдарды олимпиада кезінде кездестіру Қытай спортшыларына да ерекше жігер мен шабыт берді.

«Жапония экономикалық ақпараты» газеті жуықта «Қытай кәсіпорындары ендігі назарды инновациялық әдістер мен марка құрылымына аударып, сол арқылы батыс тұтынушыларының танымын өзгертіп, әлемдік марка жасамақшы»-, деді.

«Экспорттық өнімнің технологиялық деңгейі артты»

Қытайдың сауда министрлігі берген мәліметке сәйкес, сыртқы саудада жаңа энергиялы көліктер көлік экспортын арттырды. Биыл қаңтардан шілдеге дейін көліктің экспортталуы өткен жылдың сол мезгілімен салыстырғанда 102.5%-ға артқан.

Сингапурдың «Лианхэ таңғы газетінде» жуықта мынадай ақпарат жарияланды: «Қытай 2030 жылға қарай ауаға шығарылған көміртегі шыңына жетуге ұмтылып, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптылығына қол жеткізетіндіктеріне уәде берді. Әлемдегі атақты активтерді басқарушы компаниялар тамаша табыстың болжамы мен жақсы саясаттың қолдауы арқасында Қытай кәсіпорындары болашақта ілгерілей беретіндігін айтты.

Кореяның «Орталық газеті» «Қазір «Қытайда жасалған» деген белгі тек қарапайым өнім ғана емес, ол техника жағынан ерекше жаңалыққа қол жеткізу. Ең озық техникаларды қолданып жасалған Қытай тауарларына әбден сенім артуға болады. «Қытайда жасалған» заттардың сапасы әлемнің алдынғы қатарында», - деп жазды.

Bloomberg жаңалықтары жақында Гарвард университетінің бір зерттеу нәтижесі біраз жылдардан бері Қытай жасап шығарған тауарлардың техникалық деңгейі жоғарылай түскендігін дәлелдеген.

7 тамызда «Россия сегодня» сайты Гарвард университетінің бұл зерттеуіне талдау жасаған мақаланы жариялады. Мақалада зерттеу нәтижесі өте анық. Қытайдың даму жолына бөгет боламыз деу дұрыс емес. Қытайдың даму қадамы бәсеңдемейді деп көрсетілген.

«Эпидемия кезінде жаһандық жеткізілім тізбегін тұрақтандырды»

COVID-19 көп елдің өндірісіне кедергі болған кезде «Қытайда жасалғандар» үздіксіз көбейді. Қытай әлем нарығының өзгерісіне қарай, дер кезінде бұрылысты қадамдар жасап, жаһандық жеткізілім тізбегін тұрақтандыруға үлкен үлес қосты.

АҚШ-тың CNNі: «Қытай экспорты тарихтағы жаңа биікке жетті. Індет әлемді шарпып тұрғанда, Қытай экономикасы ғана орнықты қадам жасай алды», -деп жазды. АҚШ-тың «The Wall Street Journalы» да «Қытай медициналық құралдар мен ноутбук сияқты үйдегі кеңсе жабдықтарын жаппай өндіріп, экспортқа шығара алды», - деп жазды.

«Қытай зауыттары басқа елдердің тұтынушыларына қызмет көрсетуге дайын»

Грекияның «Қазіргі дипломатиясы» жуықта былай деп жазды: «Қытай 30 жылдық бақылау мен құлшыныстың арқасында, әлемдегі өндіру саласының ортасынан ойып орын алды. Індеттің сынағына да төтеп беріп, өзінің негізгі орнын сақтады. Болашақта Қытай жоғары деңгейдегі аумақтарда экспорттық нарық үлесін кеңейтуді жалғастырады». Қазіргі жағдай тұрғысынан қарағанда Қытай қатысқан жаһандық жеткізілім тізбегі тұрақты.

«Қытай қазір әлем экономикасының іргетасы». «Россия сегодня» телеарнасындағы бір мақалада Қытайдың жеткізілім тізбегі қандай мемлекеттен де қуатты екеніне талдау жасалды. Біріншіден, Қытайда еңбек күші мол, инфрақұрылымдар толық. Екіншіден, Қытай нарығы сан салалы. Үшіншіден, Қытай тиімді күштерін шоғырландырып, әлем саудасындағы орнын тұрақтандырды. Оған қоса «Бір белдеу, бір жол» жобасының жалғасуы мен Қытай-Еуропа кезекші пойыздарының қатынасы Қытайды жаһандық жеткізілім тізбегінің негізгі мүшесі етті. Енді кейбір батыс елдерінің Қытайды қақпайлауы мүмкін емес.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото