Өткен жеті айда көлік сатылымының беталысы жақсара түсті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 17 тамыз

17 тамыз, онлайн «Халық Газеті» --Сауда министрлігі тұтынуды қолдау департаментінің жауапты қызметкерінің айтуынша, қаңтардан шілдеге дейін, елімізде автокөлік нарығы жақсара түскен. Жаңа энергетикалық көліктердің сатылымы рекорд жаңалаған.

Сандық көрсеткіштерге қарағанда, қаңтардан шілдеге дейін, өндіруші кәсіпорындар 1 миллион 478 мың жаңа энергетикалық көлік сатып, көрсеткіш былтырғы сайкесті мезгілден екі есеге артқан, тіпті 2020 жылғы біржылдық жоспардан да асыра орындалған. Ал, 2019 жылғы сайкесті мезгілден бір есеге артқан. Сатылымда болған жаңа энергетикалық көліктер тұтас көлік сатылымының 10 пайызын құрайды.

Қаңтардан шілдеге дейінгі аралықта жалпы көлік сатылымы 14 миллион 756 мыңға жетіп, былтырғы сәйкес мезгілден 19,3 пайыз, 2019 жылғы сәйкес мезгілден 4,4 пайызға артқан.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото