Си Цзиньпин Қытай-Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының цифрлық экономика индустриясы форумына және 2021 Қытай халықаралық интеллектуалды өнеркәсіп көрмесіне құттықтау хатын жіберді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 26 тамыз

25 тамыз, онлайн «Халық Газеті» --23 тамызда мемлекет төрағасы Си Цзиньпин Қытай-Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының цифрлық экономика индустриясы форумына және 2021 Қытай халықаралық интеллектуалды өнеркәсіп көрмесіне құттықтау хатын жіберді.

Си Цзиньпин: «Дүние жүзі цифрлық экономиканың қарқынды даму кезеңіне өтті, 5G, жасанды интеллект, ақылды қала сияқты жаңа технологиялар мен жаңа формат, жаңа платформалар жарыққа шығып, әлемнің технологиялық инновация мен өнеркәсіптік құрылым, экономикалық қоғамына ықпал етуде. Таяу жылдардан бері, Қытай цифрлық индустрияландыру мен өнеркәсіптік цифрландыруды белсенді насихаттап, цифрлық технология мен экономикалық қоғамның дамуын өзара ұштастыруды жебеп келеді» деді.

Сн Цзиньпин мынаны баса айтты: «Шанхай Ынтымақтастық ұйымы құрылуының 20 жылдығы қарсаңында, Қытай әрбір мүше елдермен бірге «Шанхай рухын» әйгілеп, цифрлық экономиканың халықаралық ынтымақтастығын, цифр, интернет, ақылды жүйенің экономикалық қоғамның дамуына қозғалтқыш болуын, цифрлы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа жағдайын жаратуды қалайды».

Қытай-Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының цифрлық экономика индустриясы форумы және 2021 Қытай халықаралық интеллектуалды өнеркәсіп көрмесі 24 тамызда Чунцин қаласында қатар ашылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото