Мемлекет төрағасы Си Цзиньпин Ресей Президенті В.Путинмен телефон арқылы сөйлесті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 30 тамыз

30 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекет төрағасы Си Цзиньпин 25 тамыз күні Ресейдің Президенті В.Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Си Цзиньпин былай деп атап көрсетті: Биыл жыл басынан бері Қытай мен Ресей «Қытай-Ресей тату көрші достық селбестік шартына» қол қойылғанының 20 жылдығын құттықтауды жаңа бастама етіп, екі елдің стратегиялық селбестігі мен жан-жақты нақты селбестігінде бірқыдыру тың табысқа қол жеткізілуін ілгерілетіп, екі елдің өзіндік дамуын жебеуге маңызды тірек әзірледі. Сондай-ақ халықаралық қоғамды ынтымақтастырып, қиыншылықты бірге жеңуде тіректік рөл атқарды. Екі жақ селбестік тәсілінде жаңалық ашып, селбестік саласын кеңейтіп, анағұрлым көп селбестік жетістігіне қол жеткізуі керек. Қазір коронавирустың індет жағдайы аумалы-төкпелі, халықаралық індетке қарсы аттану міндеті өте жапалы. Қытай Ресеймен вакцина зерттеу-ашу өндіріс селбестігін тереңдетіп, дүниежүзілік вакцинамен қамдау тізбегінің қауіпсіздігін, орнықтылығын қамтамасыз етіп, екі ел халықтарының бас амандығы мен денсаулығын қорғап, адамзаттың денсаулық сақтау, саламаттық ортақ тұлғасын құруға Қытай мен Ресейдің күш-қуатын арнауды қалайды.

Си Цзиньпин былай деп дәріптеді: аяқ киімнің дәл келген-келмегенін киген адам ғана біледі. Қайсы түзім Қытай мен Ресейде жүзеге асады, мұнда Қытай мен Ресей халқы ең зор сөз сөйлеу құқығына ие. Қытай мен Ресей жаңа дәуірдегі жалпы беттік стратегиялық селбестік серігі ретінде килігуге қарсы селбестікті тереңдетіп, өз елдерінің болашағы мен тағдырын өз қолында берік ұстауы керек. Қытай Ресейдің өз елінің мемлекет жағдайына үйлесетін даму жолымен жүруін батыл қолдайды, Ресейдің мемлекеттің иелік құқығын, қауіпсіздігін қорғау үшін қолданған шараларын батыл қолдайды. Екі жақ биыл Шанхай селбестік ұйымы құрылғанының 20 жылдығын орай етіп, мүше елдермен бірге ынтымақты, селбестікті күшейтіп, өзара қолдауды күшейтіп, өңірдегі мемлекеттердің қауіпсіздігі мен даму мүддесін қорғауы керек.

Екі жақ Ауғанстанның жағдайы жөнінде ішкерілей пікір алмастырды.

Си Цзиньпин мынаны дәріптеді: Қытай Ауғанстанның иелік құқығына ,тәуелсіздігіне, территория тұтастығына құрмет етеді. Ауғанстанның ішкі ісіне килікпеу саясатын атқарады. Ауғанстан мәселесін саяси жолмен шешуде ежелден бастан-аяқ рөл атқарып келеді. Қытай Ресейді қамтыған халықаралық қоғамдағы әрқайсы жақпен тілдесуді, сәйкесуді күшейтіп, Ауғанстандағы әрқайсы топты ашық, сыйысымды саяси жүлгені орнатып, байсалды да орнықты ішкі-сыртқы саясаттарды атқарып, түрлі лаңкестік ұйымдармен түбегейлі ат кекілін кесісіп, дүние жүзіндегі әрқайсы елмен, әсіресе, төңіректегі елдермен тату-тәтті өтуге шабыттандырады.

В.Путин мыналарды білдірді: Ресей Ресей-Қытай қатынасының дамуына риза. Биыл − «Ресей-Қытай тату көрші достық селбестік шартына» қол қойылғанының 20 жылдығы. Бұл Ресей-Қытай қатынасы жөнінен ерекше мән алады. 76 жылдың алдында Ресей мен Қытай дүниежүзілік фашизмге қарсы соғыстың жеңісіне қол жеткізу жолында орасан зор ұлттық құрбандық беріп, шешуші үлес қосқан. Қазіргі жағдайда екі жақ стратегиялық селбестікті нығайтып, өзара батыл қолдау көрсетіп, дүниежүзілік екінші соғыстың жеңіс жетістіктерін, тарихи шындықты қорғауы керек. Ресей бір Қытай саясатын батыл атқарады, Қытайдың Тайваньға, Сянганға, Шыңжаңға және Оңтүстік Қытай теңізіне саятын мәселелерде өзінің өзекті мүддесін қорғаудағы орынды тұрғысын батыл қолдайды. Әрқандай сыртқы күштің Қытайдың ішкі ісіне килігуіне батыл қарсы тұрады. Коронавирустың қайнарын іздеуді саясиландыруға қарсы тұрады. Қытаймен әр саладағы нақты селбестікті үздіксіз тереңдетіп, індетке қарсы аттану селбестігін күшейтуді үміт етеді.

В.Путин мыналарды білдірді: Қазіргі Ауғанстан жағдайының өзгерісі сыртқы күштердің өзінің саяси үлгісін зорлықпен атқару саясатының іске аспайтынын, тек қатысты елдерге бүліншілік және апат әкелетінін білдіреді. Ресей мен Қытайдың Ауғанстан мәселесінде ұқсас тұрғысы мен ортақ мүддесі бар, Ресей Қытаймен тығыз байланыс жасап, сәйкесіп, Ауғанстанға саятын мәселелердің көп жақты механизміне белсене ат салысып, Ауғанстан жағдайының орнықты өтуін ілгерілетіп, лаңкестікке соққы беріп, есірткі аткезшілігін үзіп, Ауғанстанның қауіпсіздік жағындағы қатерінің сыртқа жайылуынан сақтанып, сыртқы күштердің килігуіне, бүлдіруіне қарсы тұрып, өңірдің қауіпсіздігі мен орнықтылығын қорғауды қалайды.

Екі жақ бір ауыздан: Қытай мен Ресейдің қазіргі халықаралық және өңірлік жағдайы күрделі, Қытай мен Ресейдің екі жақты және көп жақты келелі мәселелер жөнінде дер кезінде пікірлесуі төтенше маңызды және қажетті, − деп қарап, түрлі тәсілдер арқылы тығыз барыс-келісті үздіксіз жалғастыруға мақұл болды.   

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото