Қыстағымызда «жемістер мен көкөністердің патшасы» бар

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 30 тамыз

30 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Лю Шуан Шанси өлкесі Сиян ауданының тумасы. Бұрын Нидерландыда білім алған. Елге оралғаннан кейін Шаңхай Қатынас университетінде биология ғылымдары бойынша докторлық атағын алған. Отбасындағылардың ұсынысымен ол оқуын аяқтаған соң, ауылына келіп, кәсіп ашады. Ол оқыған білімін пайдалана отырып, жемісті өсірудің ғылыми тәсілін дайындап, хош иісті алмұрттың өндірілу мөлшерін жоғарылатты. Лю Шуан желідегі электронды сауда текшесі арқылы ауылының хош иісті алмұртының сатылу жолын кеңейтті.

Лю Шуан Шанси өлкесі Сиян ауданы Бэй Сисянь қыстағындағы жеміс бақшасында

«Балық пен көкөніс бірге өсетін, оңтүстіктің жемісін солтүстікте өсіретін, сторлды баптау» сынды құлаққа ерекше естілетін сөздер қазір егістік саласында қолданылып жүр. Ауыл-қыстақты гүлдендіру стратегиясының қолға алынуына байланысты ауылшаруашылығының даму болашағы нұрлана түсті. Көптеген жастар озық техникалар мен жаңа танымдарды меңгеріп, ауылына келген соң, ата-бабасынан бері тіршілік тірегі болған егістік жерінде тер төгіп, жаңа дәуірдегі «жемістер мен көкөністердің патшасы» болды.

Лю Шуан хош иісті алмұрттың өсу жағдайын тексеруде

Дәстүрлі егістен жаңа техникамен баптауға, аздан көпке, мардымсыз саудадан желіге және желіден тыс сатудан бүгінге жетті. Мұнда ауыл-қыстақты білетін, ауылды сүйетін, жаңашыл жастар ақыл-парасаты мен терін туған топырағына төгіп, ауыл-қыстақ экономикасының дамуына жаңа күш қосты. Олар «жаңа шаруаларға» тән егістіктің әнін шырқай бастады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото