Коронавирустың таралу тегін зерттеу қызметі жауапкершілікті басқаның мойнына артудың құралы болмауы керек

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 31 тамыз

30 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік денсаулық сақтау комиссиясы меңгерушісінің орынбасары Цзэн Ысин А Қ Ш-тың барлау мекемесі жариялаған коронавирустың таралу тегі туралы қорытындысы бойынша тілшілерге сұқбат берді. Цзэн Ысин былай деді: «Корона вирустың тегі туралы мәліметтің кәсіби медициналық мекеме емес, керісінше АҚШ-тың барлау мекемесі тарапынан жариялануының өзі күлкілі, вирустың таралу тегін кімнің саясиландырғысы келетіні бесенеден белгілі болып тұр. Корона вирустың таралу тегі дегеніңіз ғылыми мәселе, Қытай үкіметі індет басталғаннан бері вирустың таралу тегі жайында ғылыми зерттеу жасауды қолдап келеді. Оның таралу тегін саясиландыруға, таралу себебін зерттеу қызметінде жауапкершілікті басқаның мойнына артуға қарсы тұрады.

Қытай үкіметі ашық, әшкере, ғылыми, ынтымақты принципті ұстанып, індеттің таралу тегін зерттеуді барынша қолдайды. 2020 жылдың шілде айында ДДҰ-ның Қытайға келетін мамандар тобымен жұмыс міндеті кітапшасын (TOR) ақылдасып әзірлеген болатынбыз. Биылғы жылдың басында ДДҰ-ның халықаралық мамандар тобы Қытайға келіп, вирустың таралу тегін әлем бойынша зерттеудің Қытайдағы жұмысын ресми бастап кетті, тиісті зерттеулер TOR бойынша қатаң жүргізілуде. Мемлекеттік денсаулық сақтау комиссиясы мен жергілікті үкімет барынша бірлесіп, ДДҰ мамандарының талабын қанағаттандырып жатыр. Олар барғысы келетін барлық мекемелерге бара алды, олардың ішінде Джининтан ауруханасы, Хуанан теңіз өнімдері базары, Ухань вирус зертханасы сияқты 9 орын бар; кездескісі келетін барлық адамдарға кездесе алды, мысалы, медициналық қызметкерлер, зертхана қызметкерлері, ғылыми қызметкерлер, базар менеджерлері мен саудагерлер, тұрғындар, дерттен сауығып кеткендер мен қаза болғандардың отбасылары және тағы сол сияқтылар. Қытай мамандары ДДҰ мамандарымен бірге зерттеу жүргізіп, ортақ жоба жасап, зерттеу қорытындысын бірге жариялау арқылы, вирустың пайда болуының бірнеше себептерін анықтады: Зооноздық аурулардан тікелей таралуы «мүмкіннен біршама мүмкінге дейін»; аралық хост арқылы таралуы «біршама мүмкіннен өте мүмкінге дейін»; мұздату арқылы тарату мүмкіндегі де бар; зертханадан таралу мүмкіндігі мүлдем жоқ. Үстіміздегі жылдың наурыз айында бірлесіп жариялаған зерттеу қорытындысын дүние жүзі ғалымдары жоғары бағалаған. Вирустың тегін зерттеудің ендігі кезектегі қызметін ойдағыдай атқару үшін Қытай ғалымдары шілде айында ДДҰ ғалымдар тобына зерттеу ұсынысын жіберген болатын».

Цзэн Ысин мынаны баса айтты: « Коронавирустың тегін зерттеу қызметі күрделі ғылыми жұмыс, дүние жүзі ғалымдары селбесіп зерттеу жасауы керек. А Қ Ш вирустың адамзат үшін ортақ жау екенін сезінуін, вирустың тегін зерттеу мәселесіне ғылыми тұрғыдан қарауды, әр ел ғалымдары бірлесіп, АҚШ-ты қамтыған дүниежүзінің әрбір елдерінде вирустың таралу тегі туралы тереңдей зерттеу жасауын үміт етеміз».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото