Хох Силдегі тибет бөкендерінің қоныс аударып, төлдеу маусымы аяқталды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 31 тамыз
Хох Силдегі тибет бөкендерінің қоныс аударып, төлдеу маусымы аяқталды
Биыл сәуірдің соңынан бастап тибет бөкендері Хох Силге қарай жолға шықты.

31 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Үш өзен қайнары мемлекеттік қорығы Янцзы қайнары қорық алабы Хох Сил басқару орталығының берген мәліметіне сәйкес, биылғы тибет бөкенінің қоныс аударып төлдеуі аяқталған. Қызметкерлердің естелікке алуынша биыл 3874 бас тибет бөкені Хох Силге төлдеуге келіп, төлдеп болып қайтқандағы саны 6185-ке жеткен.

Хох Сил басқару орталығы қорғау бөлімінің мәліметінше, 2 мамыр күні сағат 13-те, биылғы алғашқы топтағы 235 тибет бөкені Цинхай-Тибет(Xizang) темір жолы мен Цинхай-Тибет тас жолын кесіп өтіп, теңіз деңгейінен 4800 метр биіктіктегі Хох Силдің кіндігіндегі Чжуанай көліне төлдеуге келген. Бұл 2021 жылғы тибет бөкендерінің тұтастай қоныс жаңалауының басталғанын білдіреді. Ол әлемдегі ең керемет тұяқтылардың қоныс аударуы қатарына кіреді.

Биыл төлдеген тибет бөкендері 16 шілдеден бастап өз мекендеріне қайта бастады. Олардың соңы 16 тамызда мекеніне жетіп болды.

Хох Сил монғол тілінде «әдемі қыз» деген сөз. Ол Цинхай-Тибет үстіртінің кіндігінде. Теңіз деңгейінен орташа биіктігі 4600 метрден жоғары. Ол араның ауа райы қолайсыз, аты әйгілі иен дала әрі дүниежүзілік табиғи мұра. 20 ғасырдың 90-ыншы жылдарында, Хох Сил өңірінде бірінен соң бірі тибет бөкенінің браконьерлігі мен браконьерлікке қарсы оқиғалар орын алған болатын. Бұл барша дүние назар аударатын мәселеге айналған.

Қазір еліміздегі түздегі тибет бөкенінің саны 300 мың тұяқтан асты. Мамандардың айтуына қарағанда, дүниежүзі табиғи қорғау одағының бағалауынша, тибет бөкені бұрынғы жойылып бара жатқан түрлер қатарынан қауіпті түрлердің жанындағы қатарға кірді. Бұл мәлімет олардың саны барған сайын артып бара жатқанын, болашақта да арта беретіндігін көрсетеді. «Бұл адамзаттың жабайы хайуанаттарды қорғауға қатысуының табысты болғандығының бір мысалы». 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото