Си Цзиньпин: Қытай ашық саясаттың деңгейін жоғарылатып, мемлекеттік қызмет саудасының инновациялық дамуының демонстрациялық аймағын құруды зерттейді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 3 қыркүйек

3 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» --Мемлекет Төрағасы Си Цзиньпин 2 қыркүйектің кешінде 2021 жылғы Қытай халықаралық қызмет көрсету жәрмеңкесі Жаһандық сервистік сауда саммитінде видео арқылы сөз сөйледі.

Си Цзиньпин: «Қызмет саудасы Халықаралық сауданың маңызды бір бөлігі, сонымен бірге Халықаралық экономикалық және сауда ынтымақтастығының маңызды саласы саналады. Бұл дамудың жаңа үлгісін құруда айырықша ықпалға ие. Қытай әр тараптармен бір ниетте болып, ашық ынтымақтастықты және өзара ортақ пайдаға кенелуді ұстанып, қызмет көрсету саудасының даму мүмкіндіктерінен ортақ игіліктеніп, әлемдік экономиканың жандануы мен артуына бірге күш қосады», - деді.

Си Цзиньпин мынаны баса айтты: «Қытай ашық саясаттың деңгейін жоғарылатып, бүкіл ел бойынша трансшекаралық қызмет саудасының теріс тізімін (Negative list) жолға қояды, мемлекеттік қызмет саудасының инновациялық дамуының демонстрациялық аймағын құруды зерттейді; ынтымақтастықтың аумағын кеңейтіп, «бір белдеу, бір жол» мемлекеттік қызмет көрсету саласының дамуын қолдауды күшейтіп, Қытайдың технологиялық даму жетістіктерін әлеммен бөліседі; қызмет көрсету тетіктерінің ереже құрылымын күшейтіп, Бейжін сияқты жерлерде халықаралық жоғары деңгейлі еркін сауда келісімінің ережелерімен ұштастыруды алдымен сынақ етіп, цифрлық сауданың демонстрациялық аймағын құрады; шағын және орта кәсіпорындардың инновациялық даму жалғастығын қолдайды, New OTC(Over the Counter) Market-ін реформалауды тереңдетеді, Бейжін қор биржасын құрып сервистік инновациялық шағын және орта кәсіпорындардың базасын құрады».

Си Цзиньпин: «Індетпен бірлікте күресіп, қиындықтарды бірге жеңіп, бейбітшіліктің, дамудың, ынтымақтастық пен жеңістің «алтын кілтін» қолдануда табанды болып, қазіргі таңдағы әлемнің экономика, халықаралық сауда және инвестиция саласындағы мәселелерді шешіп, көркем болашаққа бірге жетейік».

2021 жылғы Қытай халықаралық қызмет көрсету жәрмеңкесі 2 қыркүйектен 7 қыркүйекке дейін Бейжінде өтеді. Басты тақырыбы: «Цифр болашаққа бастайды, қызмет көрсету дамуды қолдайды».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото