Әрбір қытайлық ұмытпауға тиіс! Бүгін Қытай халқының Жапон шапқыншылығына қарсы соғысының жеңіс күні

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 3 қыркүйек

3 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Әрбір қытайлық ұмытпауға тиіс! Бүгін Қытай халқының Жапон шапқыншылығына қарсы соғысының жеңіс күні. 1945 жылдың 2 қыркүйегінде Жапон соғыстан жеңілгеніне қол қойған болатын. 1931-1945 жылдар аралығындағы 14 жылдық соғыс өртінде 35 миллионнан астам боздақ қазаға ұшырады немесе ауыр жарақат алды. Осындай зор бодау беру арқылы бостандыққа қол жетіп, әлемге тыныштық орнады. Сондағы төгілген қан мен терді ұмытуға болмайды, ұмытуға дәт те бармайды! Мінеки, тағы да 3 қыркүйек. Қытайлықтардың Жапон шапқыншылығына қарсы соғысының жеңісіне уәкілдік ететін осы күн ұрпақтарға жеңістің астарындағы зор бодауды жадында мәңгі сақтауды ескертеді. Бұл тарихи кезең халықты соғыс өртінде аққан қанмен суарған өр рухқа мұрагер болуға шабыттандырады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото