Си Цзиньпин:Жаңа дәуірдегі Қытай-Ресей жан-жақты стратегиялық серіктестік байланысы қуатты серпінге және жарқын болашаққа ие

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 3 қыркүйек

3 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 3 қыркүйекте мемлекет Төрағасы Си Цзиньпин ұсыныс бойынша видео арқылы 6–ншы Шығыс Экономикалық форумының жалпы отырысының ашылу рәсіміне қатысып, сөз сөйледі.

Си Цзиньпин бүгін Қытай халқының Жапон шапқыншылығына қарсы соғысының жеңіс күні екенін атап өтті. Си Цзиньпин: «Биылғы жылдың маусым айында Президент Путинмен видео арқылы кеңескенде, Қытай-Ресей стратегиялық селбестігі және жан-жақты прагматикалық ынтымақтастық секілді маңызды мәселелерде ортақ келісімге келіп, <Қытай-Ресей тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарттың> қолданылу мерзімін ұзартуды бірлесіп жариялаған болатынбыз. Жаңа дәуірдегі Қытай-Ресей жан-жақты стратегиялық серіктестік байланысы қуатты серпінге және жарқын болашаққа ие».

Си Цзиньпин: «Қазіргі таңда әлем келбеті реформаланып жатыр, індет жағдайы тұрақсыз, дүниежүзі экономикасының қайта жандануы да күрделі жүруде. Солтүстік Шығыс Азия өңіріндегі ынтымақтастық ауыр сынаққа, сонымен қатар маңызды мүмкіндіктерге кездесіп отыр. Әр тарап өз аумағына негізді әрекет жасап, әлемге көз тастап, қиындықты жеңіп, дамуды бірге жоспарлауы тиіс.

Біз індетке қарсы тұруда өзара бір-бірімізге көмектесіп, вакцинаны зерттеп, өндірудегі ынтымақтастықты нығайтып, халықаралық қауымдастыққа анағұрлым көп қоғамдық тауарлар ұсынуымыз керек. Сонымен қатар, вакцина мен вирустың тегі туралы мәселені саясиландыруға қатаң қарсы тұрып, адамзат денсаулығының ортақ қауымдастығын құруымыз керек.

Біз өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға, «Бір белдеу, бір жол» мен Еуразиялық экономикалық одақты ұштастыруды тереңдетуге, цифрлық экономиканың инновациялық дамуын қолдауға тиіспіз. Жаһандық климаттың өзгеруіне бірлесіп қарсы тұруға ортақ күш қосып, аймақтық экономикалық және әлеуметтік дамуды жетілдіруіміз керек.

Біз өңірлік бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауымыз қажет. Өзара қарым-қатынас жасау арқылы пікір бірлігіне келіп, ортақ, жан-жақты, ынтымақты және тұрақты қауіпсіздік туралы көзқарасты қалыптастырып, тыныш та бейбіт ортақ мекенді бірге құрайық».

Си Цзиньпин биыл Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына 100 жыл толғанын, ал Қытай қазіргі заманғы социалистік елді жан-жақты құрудың жаңа жолына түскенін атап көрсетті. Қытай барлық тараптармен бір ниетте болып, шынайы көпжақтылықты, өзара сенімділікті, селбесіп ортақ табысқа жетуді ұстанып, адамзат тағдырының ортақ қауымдастығын құруға қарай орнықты ілгерілейді.

6 -ншы Шығыс Экономикалық форумы Ресейдің Владивосток қаласында ағымдағы жылдың 2-4 қыркүйек аралығында өтеді. Форумның тақырыбы - «Әлемдік өзгерістер аясында Қиыр Шығыстағы жаңа мүмкіндіктер». 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото